
2025 жылдың 21 ақпанында білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес "Үздік физика пәні мұғалімі -2025" конкурсы өтті. Мақсаты – аудан мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибесін тарату, сонымен қатар оқытудың сапалы деңгейін арттыру. Конкурсқа ауданнан 5 педагог қатысып, Маралды орта мектебінің физика пәні мұғалімі Қорықбасова Қызғалдақ Болатбекқызы үздік деп танылды.