
2025 жылдың 27 қаңтар күні ШҚО Білім басқармасы мен баспалар 2025-2026 оқу жылында 4-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» (электронды оқулық), «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Ағылшын тілі», «Орыс тілі» (оқыту қазақ тіліне жүргізілетін мектептер үшін) пәндері бойынша жаңартылған оқулықтарға онлайн көрме өткізді. Көрменің мақсаты аталған оқулықтардың мазмұнымен таныстыру. Іс-шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, кітапханашылар қатысты.