
Ауданымызға "Зерделі" Ақыл-ой дамыту мектебінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық директоры Камшат Ерболатқызы Молдаханова арнайы келіп, “Алтын сақа” және “Алтын түлек” конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Іс-шара Н. Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебінің базасында өтті. Аталған мектептің өнерпаздары жиналған қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлап, өнер көрсетті.