
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» KMM
2024 жылы 20 желтоқсан күні жалпы орта білім беретін мектептердің және облыстық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Бәсекелес педагог -2024» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - педагогтердің ғылыми - әдістемелік, кәсіби және ақпараттық, цифрлық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл мұғалімдерді анықтау.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Бас жүлдені мектебіміздің мұғалімі Әмірханов Ерасыл Ерболұлы жеңіп алды. Жеңіс құтты болсын!