“Үздік балабақша тәрбиешісі” аудандық байқауы.

“Үздік балабақша тәрбиешісі” аудандық байқауы.

ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 6 желтоқсанында Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Үздік балабақша тәрбиешісі” аудандық байқауы “Болашақ” балалар бақшасында өтті.
Байқаудың мақсаты – білім саласындағы тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау арқылы мамандықтың беделін өсіру және кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыра отыра, облыс көлемінде ең үздік тәрбиешілерді анықтау.
Байқауға 7 тәрбиеші қатысып, облыстық кезеңге Күршім балабақшасынын тәрбиешісі Рустемова Шынар Толеуханкызы жолдама алды.
1 орынды - Мүтәләпова Жұлдыз Ерланқызы - “Барақ батыр негізі орта мектебі” ШО тәрбиешісі,
2-орын Бидахметова Айман Курмангазыновна - “Болашақ” балалар бақшасының тәрбиешісі,
3-орын Сейсебаева Іңкәр “Бурабай орта мектебі” ШО тәрбиешісі иеленді.