"Тең мүмкіндіктер" атты балалар инклюзивті спорт фестивалі.

"Тең мүмкіндіктер" атты балалар инклюзивті спорт фестивалі.

2024 жылғы 21 қарашада Өскемен қаласында "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясындағы білім, спорт, мәдениет басқармалары бірлесе ұйымдастырған "Тең мүмкіндіктер" атты балалар инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың құрдастары арасындағы әлеуметтік белсенділік пен өзара әрекеттесудің маңыздылығын көрсете отырып, инклюзия мен бірліктің жарқын мысалы болды.
Фестивальдің мақсаты-инклюзивті спорттық-мәдени іс-шаралар өткізу арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен құрдастары арасындағы достық байланыстар мен сенімділікті нығайту.
Кіші санат қатысушылары арасындағы эстафета қорытындысы бойынша:
III орын
Аға санат қатысушылары арасында:
I орын
Үлкендердің арасында:
II орын

Фестиваль соңында жеңімпаздар спорттық жетістіктері үшін дипломдармен, кубоктармен және арнайы медальдармен салтанатты түрде марапатталды.