
2024 жылдың 14 қараша күні «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ базасында жаңашыл-педагог Қ.Н. Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қ. Н. Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі» өңіраралық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңі өтті. Педагогикалық оқуға аудан мектептерінен 13 педагог қатысып, комиссия қорытындысы бойынша «Қ. Нұрғалиевтің кәсіби мұрасы, педагогикалық көзқарастары» бағыты бойынша «№5 Күршім орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Б. Токенова, «Қ. Нұрғалиевтің тұжырымындағы ғылым мен тәжірибе байланысының белгілері» бағыты бойынша «Қаратоғай орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Д.О. Укиртаева, «Қ. Нұрғалиевтің шығармашылығының ерекшелігіндегі тәлім тәрбие бағыты» бағыты бойынша «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі А.Д. Насыргазина облысқа жолдама алды. Педагогтерімізге сәттілік тілейміз.