«Болашақ инженерлер»

«Болашақ инженерлер»

R:ED FEST – робототехника және бағдарламалау бойынша ашық халықаралық фестиваль, мұнда балалар роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалай және жетілдіре алады. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытуға жағдай жасау. Фестиваль робототехника бойынша 6 бағытта, бағдарламалау «Scratch» бағытанда ұйымдатырылған. Оқушылар арасында инженерлік білімді дамытуға арналған «Болашақ инженерлер» бастамасының маңызды бөлігі. 2024 жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында облыстық кезеңі өтіп, облыстық кезеңнен І орын алған Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясының оқушылары Бақытжан Мансұр және Жампеисов Айбар 27 қазанда Астана қаласында өткен республикалық кезеңіне Шығармашылық санатына «Көру қабілеті нашар адамдарға арналған білезік» «Көпсалалы ұшқышсыз магистраль» жобасын қорғап, қатысушы дипломымен марапатталды. Жетекшісі М.Чайзатов.