
13.09.2024 жылы ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК базасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ, «Ю. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ, «Алғабас орта мектебі» КММ, «Күршім №5 орта мектебі» КММ, «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ, «Барақ батыр негізгі орта мектебі» КММ мектептері қатысты. Комиссия қорытындысы бойынша төмендегі модельдер облыстық кезеңге жіберіледі:
1. Автокөліктің қолданыстағы моделі - «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ
2. Өндіріс саласындағы техника моделі - «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ;
3. Ауыл шаруашылық техникалар моделі - «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ;
4. Су көлік саласындағы модельдер – «Күршім №5 орта мектебі» КММ;
5. Авиация саласындағы модельдер - «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ;
6. Космонавтика және аэрокосмос моделі - «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ;
Қатысушыларға номинациялар бойынша білім бөлімінің мадақтамасы мен сертификаты табысталады.