"Жас түлек-2024-Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты мектеп бітірушілерге арналған аттестат тапсыру салтанатты жиын

"Жас түлек-2024-Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты мектеп бітірушілерге арналған аттестат тапсыру салтанатты жиын

15маусымда қайтадан дербес құрылған Марқакөл ауданының түлектері үшін "Жас түлек-2024-Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты мектеп бітірушілерге арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Айтулы шараға ШҚО білім басқармасының басшысы Чернышева И. А, ШҚО аналар кеңесінің төрайымы Бейсеканова М. Б. арнайы келді. Сонымен қатар салтанатты шараға Марқакөл ауданының әкімінің м. а Кемешев Р. Н, аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Б. Елеубаев, Марқакөл ауданының мәслихат төрағасы М. Ж. Калелов, Күршім ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз М. С. Садыкова және зейнеткер ұстаздар қатысты. Биылғы жылы Марқакөл ауданы бойынша 11 сыныпты 59 оқушы тәмамдап отыр. Оның 2-уі Алтын белгі иегері және 3 оқушы үздік аттестат иегерлері. И. А. Чернышева жас түлектерді құттықтап, мектеп бітіру туралы аттестатпен және спортта, білімде жетістікке жеткен түлектерді салтанатты түрде марапаттады.