
17 мамыр 2024 жылы аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжінде "Жаңа аренадағы жаңа Қазақстан" тақырыбында 7-10 сынып оқушылары арасында маусымдық дебат ойыны өткізілді. Нәтижесінде 1 орынды Қалжыр орта мектебінің "Ақиқат" фракциясы алса, 2 орынды Мектеп-интернат-колледжінің "Доstar" фракциясы алды, ал 3 орынды Қарой негізгі орта мектебінің "Жалын" фракциясы иеленді.