Педагогтардың білімін бағалау

Педагогтардың білімін бағалау

...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек деп Ушинский айтқандай, еңбегінің арқасында №3 Күршім гимназиясының математика пәні мұғалімі Қамза Дана "педагогтардың білімін бағалау" кезінде пәндік оқыту мен оқыту әдістемесінен мүмкін 50 сұрағының 50- не дұрыс жауап берді. Дана Болатбекқызын білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев қабылдауына шақырып, еңбегін бағалап, сәттілік тіледі. Шілде айында тест тапсыратын ұстаздарға да осындай сәттілік тілейміз.