
13 мамыр күні ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Балдәурен" КМҚК -нің аудан бойынша бекітілген ведомствоаралық өзара іс қимыл бойынша комиссия мүшелері (білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев, Күршім аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Садуакасова, Күршім аудандық ІІБ бөлімі бастығының 1 орынбасары Е.Кусаинов, Күршім ауданының ТЖБ бастығы Б.Кунанбаев және білім бөлімінің мамандары) лагерьдің жазғы маусымға балаларды қабылдау дайындығын тексеріп, бірқатар тапсырмалар берді.