
Білім беру мекемелерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізген жұмыстарды қорытындылау мақсатында 2024 жылдың 11 мамыр күні «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Білім беру мекемелерінің қызметкерлері «Ертіс» өзенінің жағалауы мен «Қызыл ту» өткелінің маңайына ұйымдастырған тазалау жұмыстарына қатысып, өз үлестерін қосты.