С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Күршімге арнайы іс-сапармен келді.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Күршімге арнайы іс-сапармен келді.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Күршімге арнайы іс-сапармен келді.

2024 жылдың 5 сәуірінде Күршім ауылының мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан университет өкілдерінің  кәсіби бағдарлау мақсатымен аудан мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесуі өтті. Ең беделді университеттерімен әріптестік байланыс орнатып отырған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті әлемдік білім кеңістігінен өз орнын айқындауда және  педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Күршім ауданының әкімі Ақышов Алмат Талғатұлы сөз сөйлеп, болашақ студенттерге тілектерін білдірді.

Басқарма төрағасы – ректор, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы өз баяндамасында ЖОО- ның негізгі бағыттарына тоқталып, құттықтау сөзінен кейін, білім ордасындағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өнегелі тәртіп пен жақсы оқу үлгерімін көрсетіп жүргені үшін әртүрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттердің ата-аналарына алғыс хат табыстады. №3 Күршім гимназиясының оқушысы Сымбатқызы  Әдемі аудан әкімі А. Ақышовтың ықпалымен 4 жылдық университеттің білім беру грантымен марапатталды.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор - басқарма мүшесі

Калимолдина Жаннета Амангелдиновна  университеттің  артықшылықтары туралы айтып, оқушыларды  оқуға түсуге шақырды.

Кездесу студенттердің концерттік қойылымымен аяқталды.