
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұйымдастыруымен мектептің профориентаторларына арналған «Орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің практикалық аспектілері: теориядан практикаға» тақырыбы бойынша онлайн форматтағы семинар өтті.
Кәсіптік бағдар беру – қоғам тенденциясы мен қажетін ескеріп, оқушылар мен жастарға мамандық таңдауға көмектесу. Мектеп оқушысының қай бағытта жұмыс істегісі келетінін анықтау мақсатында жұмыс жасайды. Мамандық таңдау кезінде қиындыққа тап болмас үшін баламен тікелей байланыс орнатып, түрлі тестінің көмегімен әлсіз және мықты тұстарын анықтауына сеп бола алады.
Семинардағы спикерлер қатарында білім саласында 13 жылдық тәжірибесі бар профориентолог, IT жобалаушы, аналитик, педагог және автор – Айдос Жұманазаров өз тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Joo.kz спикері, профориентолог, тәуелсіз эксперт Диас Асанов та заманауи нарықтағы сұранысқа жоғары мамандықтар туралы құнды ақпарат берді. Аудан мектептерінің кәсіптік бағдар беру мамандары семинар жұмысына белсене қатысып, туыңдаған сұрақтарына жауап алды.
Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.