Жаңа мектептің ашылу салтанаты

Жаңа мектептің ашылу салтанаты

Жолнұсқау ауылында көптен күткен қуанышты күн Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.Ашылу салтанатына аудан әкімі А.Ақышов,білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев қатысты. Аудан басшысы «PLAZA» конструкцион ТОО жеке шаруашылығының бас директоры Тоқтархан Сержан Тоқтарханұлы,
жоба жетекшісі Мыңғалиев Жандос Маратұлы, бас инженер Дюсупов Сырым Ғалымұлын аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапаттады. Құттықтау сөз ардагер ұстаз Жоламанов Жаныбек Газизұлына берілді.
Лента қию рәсімі қамқоршылық кеңес төрағасы Сарсеков Чайсолтан Мұқатайұлы мен ардагер ұстазы Кенжебаева Шәріпжамал Абдыкарымовнаға ұсынылды.
Ауылымыздың аяулы әжелері Каримжанова Шауар, Әміржанова Биғайша көпшілікке шашу шашса, мектептің бүлдіршіндері биден шашу шашты.Ауыл тұрғындары Президентіміз Қ.Тоқаев пен облыс басшысы Д.Ахметовке зор алғыстарын білдіруде.