«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел»

«Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел»

17.11.2022 жылы "Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі" КММ-де аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Есманбек Адаевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айзада Солтановна,аудандық әйелдер ұйымының төрайымы Ляззат Сагындыковнаның қатысуымен «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» және «Отбасындағы зорлық- зомбылыққа жол бермейік» тақырыбы аясында "Ата –
ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында" ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Жиналыс барысында көптеген сұрақтарға жауаптар алынды. "Ашық айтамын" жаттығуы арқылы ата-аналар өз пікірлерін және ұсыныстарын жазып сенім жәшігіне қалдырды. Өткізген: әкелер мен аналар мектеп клубының жетекшілері Актекенов Е.Е, Кизамадиева Б.Е. және мектеп психологтары Ромбаева А. Ж., Зияшова М.Б.