"Білім ақпарат" орталығы

"Білім ақпарат" орталығы

Бүгін ауданымызда тарихи десек те артық емес ерекше күн болды. Себебі облыс орталығынан шалғай жатқан аудан түлектері мен ата- аналарға үлкен мүмкіндік тудыратын №3 Күршім гимназиясы базасында «Білім ақпарат» орталығы ашылды.Сондай ақ бір түлегімізге грант бөлінді.
Бүгінгі жастар ол еліміздің ертеңгі болашағы. Сол жастар яғни түлектеріміз дұрыс мамандыққа шешім жасап, дұрыс шешім қабылдап зор мүмкіндікке ие ШҚУ не таңдау жасайды деп сенеміз.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
​Ендеше бүгінгі шара зор жемісін беріп, ауданымызға тек жағымды жаңалықтар әкелсін дегіміз келеді.