Оқытудың жаңа технологиясы – жас мамандар мектебінде

Оқытудың жаңа технологиясы – жас мамандар мектебінде

ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 31 қазан күні Ю.А Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебінде жас мамандарға арналған «Оқытудың жаңа технологиясы – жас мамандар мектебінде» атты аудандық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында осы мектеп ұстаздары ауданымыздың жас мамандарына сабақтың әр кезеңіне сәйкес түрлі әдіс- тәсілдерді ұсынды. Атап айтқанда, мектеп психологі Зияшова М. Б мен ағылшын тілі пән мұғалімі Жумаканова М.К танысу мен психологиялық ахуал орнату әдісін көрсетті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жумажанова М. С мен физика пәні мұғалімі Қасымбаева А. Н мұғалім этикасы туралы мәліметпен бөлісті. Тарих пәнінің мұғалімі Қабдрахманова Б мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Баймухамбетова Г.К оқытуда қолдануға болатын жаңашыл әдістерді таныстырып өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Рамазанова Г.О мен тарих пәнінің мұғалімі Қанағатова Қ сабақ талдау түрлерімен өзіндік талдауға түсініктеме берді. Дөңгелек үстел соңында мектептің жас мамандары Зәкешова А.Қ., Оразаева Д.Е., Уанбаева Қ.М. рефлексияның үш түріне сай кері байланыс өткізді. Дөңгелек үстел барысында мектеп мұғалімдері бұл әдістерді тек таныстырып қоймай, жас мамандармен бірлесе жұмыс жасады. Ауданымыздың жас мамандарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.