«Дарынды балаларға –талантты ұстаз»

«Дарынды балаларға –талантты ұстаз»

«Дарынды балаларға –талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі 2022 жылы 22 қазан күні өткізілді.
​Педагогикалық олимпиаданың мақсаты- жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру; шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне білім беру ұйымдарынан 13 жас педагогтің өтініштері келіп түсті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған № 1 Марқакөл орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Аяужан Бақытжанқызы Байжұманова ІІ аймақтық (облыстық) кезеңге жолдама алды.