Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам

ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 03 қазанда «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептер өз экспонаттарын 10 номинация бойынша ұсынып, қорғады.
Бағалау қорытындысы бойынша аудан мектептерінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Шығармашылыққа сәттілік тілейміз!