
Бүгін Ақбұлақ мектебінің түлегі Жауғашаров Бауыржан Сағымбайұлы келіп оқушыларымызға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, микрофон құрылғысымен сыйға тартты. Бауыржан Сағымбайұлына ауылына қосқан үлесіне мектеп ұжымы және оқушыларымыз атынан алғыс білдіреді. Бұл азамат "Туған жерге тағзым","Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыруға бар күшін салып жүр. Келесі жылы ауылға әртүрлі ағаш көшеттерін ексем деп отыр.Бұл игі іс әліде жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді. Осындай еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы жомарт азаматтар, жастарымыз көп болса екен деп тілейміз.