«Балалар әлемі» жобасы

«Балалар әлемі» жобасы

«Балалар әлемі» жобасы шеңберінде 3-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты - жас қазақстандықтар арасында оқу мәдениетін дамыту және ілгерілету, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру.
Байқау ҚР «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған авторлардың кітаптарының мазмұны бойынша өткізіледі.
Байқау үш кезеңде өтеді:
Бірінші (аудандық,қалалық) кезең- 23 қыркүйек;
Екінші (облыстық) кезең- қазан;
Үшінші (республикалық) кезең - қараша.
1 кезең - тестілеу;
2 кезең - шағын әңгіме (Эссе).
Әрбір сынып бойынша жүлдегерлер
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болып, белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Оқушыларымыз облыстық және республикалық кезеңдерде жүлделі орындарға ие болуын тілейміз!