9 мамыр - Жеңіс күніне орай аудандық және облыстық «Ардагерге ашық хат» шығармашылық онлайн-конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: Жастарға азаматтық және патриоттық тәрбие беру; жастар бойына адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтың ерлігі туралы естеліктерді сақтау; аға ұрпаққа деген құрмет сезімін қалыптастыру; жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептердің 7-ден 18 жасқа дейінгі оқушылары қатысты. Аудандық кезеңнен іріктелген жұмыстар облыстық кезеңге жолданды. Нәтижесінде 7- 10 жас аралығы бойынша- Әшкенова Сезім; 11 мен 14 жас аралығы бойынша- Айжарықов Әли, Камалбекова Мөлдір, Марат Айзере; 15 мен 18 жас аралығы бойынша- Сағындықова Ақгүл барлығы жүлделі 1- орынға қол жеткізді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!