«Саналы ата-ана тәрбие» атты психологиялық курс

«Саналы ата-ана тәрбие» атты психологиялық курс

«Саналы ата-ана тәрбие» атты психологиялық курс өтті. Курстың мақсаты - Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын аша отырып, бүгінгі келешек ұрпақтың тәрбиесіне сүйіспеншілікпен бағыт бағдар беру. 6 ақпан күні 2 сағаттық «Саналы ата-ана тобы» курсында ата-аналармен мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар және өзін өзі тану пәнінің мұғалімдері тренинг өткізді. Тренингте бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты жолға қою, баланы түсінуге, оның қабілеттерін аша білуге ата-ана тарапынан көмек беруге, оқушының оғаш қылықтарының себептерін, оны болдырмау жолдарын үйренді. Тренингке мектеп директорлары қатысып, өз пікірлерін білдірді. Тренинг соңында ата-аналарға сертификаттар тапсырылды.