
22.04.2022 жылы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінде білім бөлімінің жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға жетекшілік жасаған білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері С.Булжанова. Семинардың мақсаты бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру барысында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Оқытудың инновациялық тәжірибесін тарата отырып, жаңа көзқарас қалыптастыру. Аудан мұғалімдерімен іс-тәжірибе бөлісу. Семинарға білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Слямова, әдіскерлер Ж.Нурахметова, А.Джакуперова қатысып ой пікірлерімен бөлісті. Аудан мектептерінен бастауыш сыныпта жұмыс атқаратын барлық жас ұстаздар шақырылды. Олар жоспарланған екі бөлімнен тұратын шараларға толық қатысты. Мектептегі бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін 6 зерттеуші мұғалім, 3 эксперт, 2 модератор ұстаз 4 ашық сабақ, 4 сабақтан тыс шаралар көрсетті. Семинар соңында ашық сабақ, сабақтан тыс шаралар өткізген ұстаздарға білім бөлімінің сертификаты берілді.