
2025 жылы еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жыл мерекесіне орай жаңа оқу жылында Күршім ауданы Бірлік аулында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі, АББ басшысы, мердігер "Шығыс СМУ" ЖШС директорының орынбасары,АББ мамандары, ұстаздар қауымы, ардақты ақсақалдар, ауыл тұрғындары, оқушылар қатысты.
Ақ жаулықты аналар шашу шашып, қариялар ақ батасын берді. Жаңа мектеп – заманауи талаптарға сай жабдықталған, білім мен тәрбие ошағы.
Қуанышпен өткен бұл күн – ел игілігіне бағытталған жарқын бастамалардың бір көрінісі.
Жаңа мектеп – тек білім ордасы ғана емес, руханияттың, мәдениеттің және отансүйгіштік тәрбиенің орталығы болмақ.
Бірге — білімге, бірге — болашаққа!
https://www.instagram.com/reel/DN-Y-PYAbsF/?igsh=eWk3ZzF3djQzemZl