
https://www.instagram.com/reel/DN2G8L63mw-/?igsh=c2N2bmI2ZTIzeWMy
2025 жылдың 26 тамызында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман тақырыбында» аудандық тамыз конференциясы өтті. Конференцияға Күршім ауданының әкімі М.Альбеков, ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, ұстаздар, білім бөлімінің мамандары қатысты. Аудан әкімі жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуымен ұстаздар қауымын құттықтап, білім саласындағы қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді. Оқушылардың қауіпсіздігін, тегін тамақпен қамтылуын және оқушылардың мектепке тасымалдануын бақылауға алуды тапсырды. Өткен оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Конференцияда білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев білім беру жүйесін дамытудың «Адал азамат» бағдарламасын енгізу, инклюзивті білім беруді кеңейту, мектептерді заманауи ресурстармен жабдықтау туралы өзекті баяндама жасады. Өз баяндамасында білім сапасын көтеру, мектепке дейінгі тәрбиені дамыту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу, кәсіби бағдарлауды дамыту, сондай-ақ педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелерін атап өтті. Конференция аясында көп жылдық педагогикалық еңбегімен ерекшеленген ұстаздарға , зейнеткер ұстаздарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, оларға зор ризашылық білдірілді. Ардагер ұстаздар «Зейнеткер ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінің арасында «Үздік ұйым» номинациясы табысталды. Оқушыларға – үздік бағалар мен қызықты сабақтар, ұстаздарға – қажыр-қайрат пен шығармашылық табыс, ата-аналарға – төзім мен мақтаныш тілейміз.