Меню

Страницы

Статья

Дарынды оқушылармен жұмыс

Дарынды оқушылармен жұмыс

Аудан оқушылары  Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылған олимпиада, конкурстарға белсене қатысады. Ауданнан  облыстық «Абай оқулары», «Әбіш оқулары» конкурстарына 7 оқушы қатысып, «Абай оқуларынан» 4 оқушының 3-уі, «Әбіш оқуларына» қатысқан 3 оқушының 3-уі жүлделі орындармен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 - сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 35 мектептен 220 оқушы қатысып, 108 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге жіберілген 13 оқушының 11-і жүлдеді орындарға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8- сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 33 мектептен 197 оқушы қатысып, 98 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге қатысқан 22 оқушының 10-ы жүлделі орындармен марапатталды. 1 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. 2024 жылдың 26 ақпанында Оқушылар шығармашылық базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 - сынып оқушылары арасында республикалық «І.Жансүгіров оқулары», «Махамбет оқулары», «Мағжан оқулары», «М.Мақатаев оқулары» байқауларының облыстық кезеңіне Күршім ауданы бойынша 5 оқушы қатысып,                  4 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. «М.Мақатаев оқулары» байқаулары бойынша 2 оқушы ІІ, ІІІ орындар, «І.Жансүгіров оқулары» ІІ орын, «Махамбет оқуларына» қатысқан 1 оқушы жүлделі І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ж.Күшікұлы атындағы химия, биология пәндерінен өткен аймақтық олимпиадаға 5 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 3-4, 5-6 - сынып оқушыларының математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңіне 20 оқушы қатысып,  8 оқушы жүлделі орынмен және 1 оқушы грамотамен марапатталды. Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 5 оқушы қатысып, 4-уі жүлделі орындармен марапатталып, 1 оқушы республикалық кезеңде ІІ орын алып, ШҚМУ –нің  4 жылдық грантымен марапатталды.

19 қыркүйек күні откен «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауына ауданнан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІІ орындар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. (Жолнұсқау НОМ, Күршім №1 ОМ, Күршім №4 ОМ)

8 қазан күні 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 6 оқушы қатысып 5 оқушы ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. (Қаратоғай ОМ, №1 Күршім ОМ-2, №3 Күршім гимназиясы, Құйған ОМ)

9-11 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 25-28 қыркүйек аралығында мектепішілік іріктеу кезеңінен өткен 125 оқушы қатысты. 30-31 қараша күндері өткен облыстық кезеңге 36 оқушы қатысып, 26 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 7 оқушы республикалық кезеңге қатысады.

11 қазан күні №3 Күршім гимназиясының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 16 мектептен 44 оқушы 41 жобамен қатысып, 29 жоба жүлделі орындар иеленді. Үздік деп танылған 20 жоба облыстық кезеңге жіберілді.

16 қазан күні «Менің шағын Отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсына ауданнан 4 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын алған №4 Күршім ОМ 9 сынып оқушысы Бауыржанов Айқын республикалық кезеңде грамотамен марапатталды.

21 қазан күні №4 Күршім ОМ базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 10 мектептен 22 жоба (25 оқушы) қатысты. 18 жоба жүлделі орындармен марапатталып, 11 жоба облыстық кезеңге жіберілді.

Дата публикации
29 августа 2022
Дата обновления
28 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 сентября 2026
Білім бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
16 февраля 2026
спорт
Ақпарат
05 февраля 2026
Бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы