Күршім ауданының білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім беру мен оқыту біртұтас идеологиялық - құндылық тәсілдер және оқушылардың рухани, адамгершілік физикалық дамуы бойынша жүзеге асырылады.
Ұйымдардағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Білім берудің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бірінші бағыт – «Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру» («Құқықтық сана – қауымға пана», «Психологиялық қызмет пен мектеп бітімгершілік қызметін ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыру).
Екінші бағыт – «Рухани-адамгершілік тәрбие» («Коғамға қызмет», «Оқу мектебі» әлеуметтік волонтерлік жобасын жүзеге асыру).
Үшінші бағыт – «Ұлттық тәрбие» (ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған «Дәстүр мен ұрпақ» жобасын жүзеге асыру).
Төртінші бағыт – «Отбасы тәрбиесі» («Отбасы – орта мектеп», «Мектеп өміріндегі бір күн» жобаларын жүзеге асыру).
Бесінші бағыт – «Еңбек, экономикалық және экологиялық білім» («Еңбек – елдің мұраты», «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасын жүзеге асыру).
Алтыншы бағыт – «Полимәдени және көркем-эстетикалық тәрбие» («Балалар және театр» білім беру жобасы).
Жетінші бағыт – «Интеллектуалдық білім» («Ұшқыр ой алаңы» мектеп оқушыларының пікірсайыс қозғалысы» мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру).
Сегізінші бағыт – «Дене шынықтыру» (бұқаралық спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ күресі) мектепішілік спорт лигаларының желісін кеңейту).