Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстардың қорытындысы

2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстардың қорытындысы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының талаптарына сәйкес, білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және цифрландыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі. Қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарына сүйене отырып көрсетіледі.

 Білім бөлімінде жалпы 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 9 мемлекеттік қызмет білім бөлімінде,14 қызмет білім бөліміне қарасты мекемелерде көрсетіледі.

Жалпы  2025 жылдың 11 айында  3940 қызмет көрсетілді, оның  803- «Электрондық Үкімет"веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген,28- Мемлекеттік корпорация арқылы, қалған көрсетілетін қызметтер қағаз нысанда көрсетілген (3109 қызмет).

Білім бөлімінде және мектепетрде ақпараттандыру стендтер бар. Әлеуметтік желілерде өзгерістер болған жағдайда ақпаратандыру жүргізледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының    27-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау болып табылады. Осы орайда мен тарапынан ішінара ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамалардың сақталуына байқау тексеру жүргізілген. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзуға қатаң тыйым салынады және тәртіптік жаза қолданылады. Мұндай фактілер мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіріп, азаматтардың құқықтарын бұзады.  

2020 жылдың  30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 11-бабының 12) тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 38-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары негізінде, Шығыс Қазақстан облысы  білім басқарамасы  басшысының 2025 жылғы 13 қазанындағы  № 27  іс-шара негізінде   "№3 Күршім гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шаралары өткізілген.  Анықталған  кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізілді, ретке келтірілді.  Бұл жерде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар курстан өтпеген делінген және тағы бір кемшілік бұл білім бөліміне берілген  есеппен көрсетілген қызмет аралығында сәйкессіздік анықталғаны. Қызметтер уақтында көрсетілмеген деген фактілер анықталған жоқ.

Барлық білім мекемелерінде   көрсетілетін қызметті алушыларды түсіндіру және ақпараттандыруды арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары  әзірлену керек.

Мемлекеттік қызмет көрсету- бұл халыққа адал, әділ, адал қызмет етуге бағытталған қызмет көрсету жүйесі, сондықтан қызмет көрсетуді дұрыс, сапалы, әрі жылдам көрсетуге міндеттіміз.

Дата публикации
03 февраля 2026
Дата обновления
03 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 сентября 2026
Білім бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
16 февраля 2026
спорт
Ақпарат
05 февраля 2026
Бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы