Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысы туралы
Аудан мектептері бойынша 2024-2025 оқу жылында білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 121, оның ішінде: 18-і ата-ана тәрбиесіндегі мектепке дейінгі жастағы балалар, 20 бала балабақшаға барады, 1 бала мектеп жанындағы шағын орталықта және 72 бала мектептерде білім алады. Алтай қаласының ПМПК қорытындысы бойынша 3 бала және денсаулығына байланысты 1 бала үйден оқытылады, 13 бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барады.
Аудандағы жалпы білім беретін 9 мектепте 72 бала әртүрлі диагноздармен жалпы сыныбында білім алады.
Білім беру мекемелеріндегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ПМПК қорытындысы бойынша ұсыныстары негізінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.
Күршім ауданы бойынша 2024-2025 оқу жылында инклюзивті білім беруге 20 (90,9%) мектеп жағдай жасап отыр.
2024-2025 оқу жылында мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке кедергісіз кіріп-шығуына Күршім ауданы бойынша Ю. Гагарин атындағы №1 Күршім ОМ толық бейімделген.
Инклюзивті білім беру кабинеттерімен 4 мектеп (№1 Күршім ОМ, Күршім гимназиясы, №4 Күршім ОМ, Алғабас ОМ) жабдықталған. Аталмыш 4 кабинетте психологиялық-педагогикалық консилиумдар құрылып, ерекше білімді қажет ететін балалармен қолдау жұмыстары жүзеге асырылады.
2024-2025 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін балаларға 226 мұғалім сабақ береді. Оның ішінде 95 педагог инклюзивті оқыту курсынан өткен.
2023 жылдың 16-27 қараша аралығында Өскемен қаласының "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтында 4 дефектолог маман курстан өтті. 2024-2025 оқу жылында дефектолог мамандардың курстан өтуі бақылауға алынған.
2024-2025 оқу жылында "CATP оқулық және оқу-әдістемелік кешені" ЖШС орталығының тізімі бойынша зерде бұзылысы бар оқушыларға арналған 218 (өткен оқу жылында 114) оқулық алынды.