2024-2025 оқу жылында аудан бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылғын олимпиада, конкурстарда бүгінгі күнге дейінгі оқушылардың жетістіктері: аудандық-345, облыс- 97, республика-5 орындарға ие болды.
19 қыркүйек күні откен «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауына ауданнан 4 оқушы қатысып, 3 оқушы ІІІ орындар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. (Жолнұсқау НОМ, Күршім №1 ОМ, Күршім №4 ОМ)
8 қазан күні 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 6 оқушы қатысып 5 оқушы ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. (Қаратоғай ОМ, №1 Күршім ОМ-2, №3 Күршім гимназиясы, Құйған ОМ)
9-11 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №1 Күршім ОМ базасында өтті. Олимпиадаға 25-28 қыркүйек аралығында мектепішілік іріктеу кезеңінен өткен 125 оқушы қатысты. (1 оқушы (№4 Күршім ОМ 9 сынып оқушысы Серғазы Аружан математика пәні) прокторингта телефон қолданғаны анықталып, олимпиададан алынып тасталды) 30-31 қараша күндері өткен облыстық кезеңге 36 оқушы қатысып, 26 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 6 оқушы республикалық кезеңге қатысып, география пәнінен №4 Күршім ОМ 10 сынып оқушысы Кумарбекова М. (муг. Карагаева Р.), Қазақстан тарихы пәнінен №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Жампеисов Шыңғыс (муғ.Акчаганова К), Құқық негіздері пәнінен №1 Күршім ОМ 10 сынып оқушысы Фархатқызы Аяужан (мұғ.Тоқтарбекқызы Қ.) ІІІ орынға ие болды.(орын алмағандар: Нурланова Дарина 10 сынып, орыс тілі, №5 Күршім ОМ, муғалімі Жолжаксынова А.Е., Арманқызы Аруна 9 сынып, география, мұғалімі Алдырбаева С.А., Жампеисов Айбар 11 сынып, информатика, мұғалімі Толықбаева Г.)
11 қазан күні №3 Күршім гимназиясының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 16 мектептен 44 оқушы 41 жобамен қатысып, 29 жоба жүлделі орындар иеленді. Үздік деп танылған 20 жоба облыстық кезеңге жіберіліп, 16 жоба жүлделі орындармен марапатталды.
16 қазан күні «Менің шағын Отаным» облыстық интеллектуалдық конкурсына ауданнан 4 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын алған №4 Күршім ОМ 9 сынып оқушысы Бауыржанов Айқын республикалық кезеңде грамотамен марапатталды.
21 қазан күні №4 Күршім ОМ базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 10 мектептен 22 жоба (25 оқушы) қатысты. 18 жоба жүлделі орындармен марапатталып, 9 жоба облыстық кезеңге жіберіліп, 6 жоба жүлделі орындарға ие болды. 19 желтоқсан күні 4 оқушы тестілеу кезеңіне қатысты.
14-15 қараша күндері №1 Күршім ОМ базасында 5-6 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 19 мектептен 109 оқушы қатысып, 74 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 17 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.
20 қараша күні Өскемен қаласында 8-11 сынып оқушылары үшін лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға №3 Күршім гимназиясынан 3 оқушы қатысып, 1 оқушы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
22 қараша күні «Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігімен бірлесе отырып 11 сынып оқушылары үшін өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңінде 2 оқушы қатысып, №4 Күршім ОМ 11 сынып оқушысы Ерліков Ерасыл жүлделі І орын алып, республикалық кезеңде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
4-5 желтоқсан күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №1 Күршім ОМ базасында өтті. Олимпиадаға 19 мектептен 163 оқушы қатысып, 88 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңге 28 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. І орын алған №3 Күршім гимназиясының 2 оқушысы (Жампеисов Ш, Қазақстан тарихы 11кл, мұғалімі Акчаганова К, Ғибыратқызы Жанат қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімі Елеубаева С.(28-наурыз-7-апрель, Орал қаласы) республикалық кезеңге жолдама алды. Күршім ауданы командасы «Үздік олимпиадалық команда- 2025» кубогымен және ІІІ орынмен марапатталды. Күршім ауданының командасы Ауыл мектептерінің олимпиадасы бойынша «Үздік олимпиадалық команда- 2025» кубогымен және ІІ орынмен, №3 Күршім гимназиясы «Үздік ауыл мектебі- 2025» кубогымен және ІІІ орын грамотасымен марапатталды.
9-10 желтоқсан күндері 7-8 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №1 Күршім ОМ базасында өтті. Олимпиадаға 20 мектептен 138 оқушы қатысып, 78 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңге 22 оқушы жіберілді.
29 қаңтар күні №4 Күршім ОМ базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 5 бағыт бойынша 46 оқушы қатысты, І орын алған 6 оқушы облыстық кезеңге қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
26 ақпан күні «Мақатаев оқулары», «Мағжан оқулары», «Жансүгіров оқулары», «Мәшһүр Жүсіп оқулары», «Махамбет оқулары», республикалық байқауларының аудандық кезеңі өтті. Үздік шыққан 11 оқушы облыстық кезеңге қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. (№4 Күршім ОМ 7- сынып оқушысы Исканов Аян І орын «Жансүгіров оқулары», жетекшісі Умутбаева А.Б. және осы мектептің 9-сынып оқушысы Жеңісхан Мансұр «Мәшһүр Жүсіп оқулары» ІІ орын, жетекшісі Камзина Л.С.)
17 наурыз күні А.С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында өткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 6 оқушы қатысты. Олимпиада эссе жазу және қазақ тілін, қазақ әдебиеті шығармаларын, Қанипа Бітібаеваның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білу болйынша 2 айналымда өтті. Екі айналымның қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Маралды ОМ 9-сынып оқушысы Бекмухамбет Балым (мұғалімі Бексолтановам А.Қ.), ІІ дәрежелі дипломмен №4 Күршім ОМ 10 сынып оқушысы Тұрсынова Еңлік (мұғалімі Төлеуханова А.Д.), ІІІ дәрежелі дипломмен Сарыөлең ОС 11-сынып оқушысы Жамиханова Айым (мұғалімі Искакова Б.Е) марапатталды.
26-28 наурыз күндері Абай облысы, Семей қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Ж.Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиада өтті. Олимпиадаға ауданнан 3 оқушы қатысып, №4 Күршім ОМ 10-сынып оқушысы Ерсін Назерке химия пәнінен ІІІ орынға ие болды. (мұғ. Н.Нуриманова)