Меню

Страницы

Статья

2023-2024 жылдық есебі

2023-2024 оқу жылында Күршім ауданы білім бөлімінің Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығымен атқарған жұмыстары

 

2023-2024 оқу жылында аудан бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылғын олимпиада, конкурстарда облыстық кезеңдерде оқушылар- аудандық- 605, облыс-150, республика- 8 орындарға ие болды.

2023 жылдың 20 қыркүйегі күні Республикалық балалар оқулары байқаының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 22 оқушы қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. І орын алған 3 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

20 қыркүейекте өткен облыстық «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты Қ.Жұмаділовтің шығармашылығына арналған аймақтық байқауға ауданнан 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

3 қазан күні өткен республикалық Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 5 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 1 оқушы І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды.

21 қазан күні №1 Күршім ОМ базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурсқа 14 мектептен 33 жоба қатысып, 30 жоба жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге жіберілген 21 жобаның 14-і жүлделі орындарға ие болды. І орын алған 4 оқушы (№3 Күршім гимназиясы-2, №4 Күршім ОМ-2) республикалық кезеңде ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.

13 қазан күні №3 Күршім гимназиясының базасында 7-8 сынып оқушылары үшін Ұлттық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 14 мектептен 32 оқушы қатысып, 13 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.

16 қазан күні жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» ҮІ облыстық интеллектуалдық конкурсына 8 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.

23-26 қазан аралығында ШҚО құрама командасы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялардың онлайн конкурсына қатысты. Құрама команданың ішінде Алғабас ОМ 8-сынып оқушысы Жұмахан Омар «Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру» номинациясында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

28 қазан күні 8-11 сынып оқушылары үшін ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 12 мектептен 24 жоба қатысты. 23 жоба жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге қатысқан 13 жобаның 12-і жүлделі орындармен марапатталды.

10 қараша күні №3 Күршім гимназиясының базасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 3 мектептен 12 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Үздік шыққан 2 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

20-25 қараша аралығында алғашқы рет өткен 9-11 сынып оқушыларының Ауыл мектептері оқушыларының олипиадасына 24 мектептен 204 оқушы тіркеліп, аудандық кезеге қатысты. Облыстық кезеңге 13 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орын алып, 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезеңде №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Бағданов Арман биология пәні бойынша І орын алып, ШҚУ грантын ұтып алды. 23-24 қаңтар аралығында өткен ауыл олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысқан №1 Марқакөл ОМ 10 сынып оқушысы Ерденқызы Еркеназ грамотамен марапатталды.

21-29 қараша аралығында Ақтау қаласында Х «Ақберен» республикалық өнер байқауына Қалжыр ОМ 10 сынып оқушысы Қизатуллаева Жайна қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды.

19-20 желтоқсан күндері №1 Күршім ОМ базасында 9-11 сынып оқушыларыныңжалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 26 мектептен 166 оқушы қатысты. Облыстық кезеге 25 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. №3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы Жанпеисов Шыңғыс Қазақстан тарихы пәні бойынша республикалық кезеңге қатысып қайтты. Күршім ауданының командасы ІІ орын алып, «Үздік олимпиадалық команда- 2024» кубогымен марапатталды.

30-31 қаңтарда өткен облыстық «Абай оқулары», «Әбіш оқулары» конкурстарына 7 оқушы қатысып, «Абай оқуларынан» 4 оқушының 3-уі, «Әбіш оқуларына» қатысқан 3 оқушының 3-уі жүлделі орындармен марапатталды.

1-2 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі №1 Күршім ОМ базасында өтті. Олимпиадаға 35 мектептен 220 оқушы қатысып, 108 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге жіберілген 13 оқушының 11-і жүлдеді орындарға ие болды.

7-8 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 33 мектептен 197 оқушы қатысып, 98 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге қатысқан 22 оқушының 10-ы жүлделі орындармен марапатталды. 1 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

2024 жылдың 26 ақпанында Оқушылар шығармашылық базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «І.Жансүгіров оқулары», «Махамбет оқулары», «Мағжан оқулары», «М.Мақатаев оқулары» байқауларының облыстық кезеңіне Күршім ауданы бойынша 5 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. «М.Мақатаев оқулары» байқаулары бойынша 2 оқушы ІІ, ІІІ орындар, «І.Жансүгіров оқулары» ІІ орын, «Махамбет оқуларына» қатысқан 1 оқушы жүлделі І орын алып, республикалық кезеңге жолдама алды.

23-24 сәуір күндері Ж.Күшікұлы атындағы химия, биология пәндерінен өткен аймақтық олимпиадаға 5 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

3-4 мамыр айында 3-4, 5-6 сынып оқушыларының математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңіне 20 оқушы қатысып 8 оқушы жүлделі орынмен және 1 оқушы грамотамен марапатталды.

Республикалық Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиаданың облыстық кезеніңе 5 оқушы қатысып 4 оқушы ІІ, ІІІ орындармен марапатталып, 1 оқушы республикалық кезеңде ІІ орын алып ШҚУ –нің 4 жылдық грантын жеңіп алды.

15 мамыр күні №1 Күршім ОМ базасында 3-4 сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 37 мектептен 188 оқушы қатысып, 126 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. Облыстық кезеңге қатысқан 25 оқушының 23-і ІІ-ІІІ орындармен, 2 оқушы грамотамен марапатталды.

 

 

 

Математика пәні мұғалімдерінің республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңіне 7 ұстаз қатысып, 4-еуі жүлделі орындарға ие болды. Маралды ОМ математика пәні мұғалімі Мурзаканова Арай І орын алып, 4 наурыз күні Өскемен қаласында өткен облыстық кезеңде жүлделі ІІІ орын, республикалық кезеңде ІІІ орынға  ие болды.

Дата публикации
28 марта 2025
Дата обновления
28 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 сентября 2026
Білім бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
16 февраля 2026
спорт
Ақпарат
05 февраля 2026
Бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы