
Білім беру ұйымдарында оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық секциялардың жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Ауданда 22 мектепте 17 спорт зал, 22 спорт алаңы, 4 жасанды футбол алаңы, 6 хоккей қорабы, бар. 2025–2026 оқу жылында спорттық секциялар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, сабақтан тыс уақытта жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында футбол - 20, волейбол - 20, баскетбол - 15, жеңіл атлетика - 20, үстел теннисі - 20, тоғызқұмалақ - 15, қазақ күресі және жалпы дене дайындығы бағыттары бойынша секциялар- 2 ұйымдастырылған. Секция сабақтарын дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен жауапты жаттықтырушылар жүргізеді. Білім беру мекемелерінде 41 дене шынықтыру пәні мұғалімдері жұмыс атқаруда атап айтқанда жоғарғы білімді 38, арнаулы орта білімді 3. Модератор-19, педагог сарапшы- 11, Зерттеуші - 5. санатсыз- 6. Барлық сабақтарда қауіпсіздік техникасы сақталып, санитарлық талаптарға сәйкес өткізіледі.
Әр секция бойынша сабақ кестесі, қатысушылар тізімі және жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Спорттық секцияларға қатысатын оқушылардың қамтылу көрсеткіші тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтсақ: “Ауыл спорты - 2025” облыстық спорттық сайыста күрестен - 3 орын, шахмат-3 орын, үстел теннисі - 3 орын, волейбол ұлдар командасы- 3 орын. Халықаралық қол күрестен 2 оқушы - 1 орын иеленді. Жаттықтырушысы Ашманов З. Волейболдан қыздар арасында ауданаралық турнирден- 1 орын. Республикалық волейбол жарысынан қыздар командасы 3- орын иеленді. “Мерген-2025” өңіраралық сайыста 2,3 орын.
Көпсайыстан оқушылар арасында облыстан 1,2 орын. “Тең мүмкіндіктер ” инклюзивті ойындар бойынша облыстан 1 орын алып, республикалық кезеңде 17 облыстың ішінен 6 орынға ие болды. Бұл көрсеткіштер спорттық секциялардың тиімді жұмыс атқарып отырғанын дәлелдейді.
Спорттық секциялардың қызметіне мониторинг жүргізіліп, сабақтардың сапасы, қатысушылардың белсенділігі мен нәтижелілігі талдануда.