
Білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін педагогтар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар жыл өткен сайын қатаңдай түсуде. Қазіргі таңда мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігіне аса мән берілуде. Мұғалімдер тек теориялық біліммен ғана емес, практикалық дағдылармен де қарулануы қажет. Сонымен қатар, олардың коммуникативтік қабілеттері мен оқушылармен жұмыс істеу тәсілдері маңызды.
Қазақстанда мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждер кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдарламалар мен оқыту жүйелерін әзірлеуде.
- "Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау" бағдарламасы аясында мұғалімдерге арналған тренингтер, курстар ұйымдастырылады.
- "Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және аттестациялау" жүйесі енгізілді.
- "Ауылдағы мұғалімдерге көмек көрсету" бағдарламасы бойынша ауылдық мектептердегі мұғалімдерге қосымша әлеуметтік және қаржылық қолдау көрсету шаралары бар.
Кадр тапшылығының алдын алу жолдары
Білім беру мекемелеріндегі кадр тапшылығын шешудің бірнеше жолдары бар. Олардың ішінде ең бастысы – мұғалімдерге арналған әлеуметтік жеңілдіктер мен ынталандыру шаралары, оның ішінде біліктілікті арттыру, қаржылық қолдау көрсету, жұмыс жағдайларын жақсарту және өңірлік бағдарламалар арқылы мамандарды тарту процессінің қолайлылығын арттыру, болатын болса:
Күршім ауданы бойынша білім беру мекемелерінде кадрлық тапшылықты уақытында жою мақсатында:
- әр мекемеде пайда болған бос орындарды Енбек кз, НОБД сайтына салыныуын қадағалау назарға алынған.
-әр жұма сайын кадрлық тапшылық жайында білім бөлімі тарапынан мансап орталығына ақпарат жіберіліп отырады.
- аудан аралық бос орындар жәрмекесіне әр тоқсан сайын қатысып, білікті мамандарады жұмысқа тартылуда.
- Күршім аудыны әкімшілігімен бірлесіп оқушылар контингенті аз және білікті жас маман қажет ауылды мекеннің мекеме басшыларын республикалық деңгейдегі өңірлік бос орындар жәрмекесіне делегация құрамына қосып, іссапарларға жіберіліп отыр.Жоғарыда айтылған тұжырымдамалар мен шаралар арқылы ғана біз білім беру жүйесінің сапасын арттыра аламыз және ел болашағына дұрыс бағыт беретін ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Жалпы білім беру мекемелерінің кадрмен қамтамасыз етілуі мен олардың тиімділігін арттыру бойынша қосымша маңызды мәселелер мен ұсыныстарды қарастырайық.
Мұғалімдерге арналған психологиялық қолдау
Педагогтардың жұмысына әсер ететін факторлардың бірі – олардың психологиялық жағдайы. Мұғалімдер, әсіресе қиын әлеуметтік жағдайларда жұмыс істейтін мектептерде, эмоционалдық және психологиялық тұрғыдан қажыса, олардың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Сондықтан мұғалімдерге арналған психологиялық қолдау қызметтерін дамыту, жұмыс стрессін басқару және балалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет.
Мұғалімдердің кәсіби стандарттары мен аттестациясы. Қазақстанда педагогтардың кәсіби стандарттарын бекіту және олардың аттестациясы жүргізілуде. Бұл жүйе мұғалімдердің біліктілігін жоғарылатуға және кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Мұғалімдерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері олардың еңбек жалақысын анықтауға және жұмыс сапасын бағалауға әсер етеді.Дегенмен, аттестация жүйесі педагогтарды әділ бағалауға, олардың қабілеттерін нақты көрсетуге мүмкіндік беруі тиіс.
( Күршім ауданы бойынша барлығы 13 мұғалім педагог-зертеуші, 65 мұғалім педагог-сарапшы, 65 мұғалім педагог-модератор санатына тапсырып, аттестаттаудан өтеді, негізгі кезеңінің бірі ақпан айында тестілеу ашылады. Педагогтер теске тіркеліп, тестлеуден өтеді. Тест аяқталған уақытта мекеме басшылары білім бөліміне хабдар ету тиіс.
Мұғалімдердің жұмыс жүктемесі.Мұғалімдердің жұмыс жүктемесі білім сапасына тікелей әсер етеді. 2025 жылы Қазақстанның білім беру жүйесінде педагогтардың мәртебесін арттыру және жұмыс жағдайын жақсарту бағытындағы реформалар жалғасуда. Мұғалімдердің апталық жүктемесі мен еңбекақысын есептеудің негізгі нормалары өзгеріссіз қалды, бірақ жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа талаптар енгізілді.
Негізгі оқу жүктемесі (Ставка). Қолданыстағы «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес, бір айлық жалақыны есептеу үшін белгіленген нормативтік оқу жүктемесі төмендегідей:
Білім беру деңгейі
Апталық оқу жүктемесі (1 ставка)
Орта мектеп (1–11 сыныптар)16 сағат
Мектепке дейінгі ұйымдар (тәрбиешілер)24 сағат
Оқу бағдарламаларының ауырлығын және жұмыс жүктемесін жеңілдету, мұғалімдерге қосымша оқу жүктемелерін азайту, оқыту мен тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін жүктемелерді дұрыс бөлісу керек. Осы орайда Еңбек кодексі аясында да білім беру мекемелерінің кадрмен қамтамасыз етілуі мәселесі түрлі заңдармен реттелетіні туралы айтып өткім келеді. Бұл заңдар білім беру мекемелеріндегі қызметкерлердің құқықтарын, міндеттерін, еңбек шарттарын және жұмыс жағдайларын анықтайды, мәселен:
-Білім беру мекемелерінде педагогтардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау маңызды. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары арқылы реттеледі. (мұғалімдерді педагогикамен байланысты емес міндеттермен жүктеу)
- Білім беру мекемелеріндегі педагогтардың жұмыс уақыты мен демалыс шарттары Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес белгіленеді.
- Еңбек кодексі аясында педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру да қарастырылады.