
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың,бастауыш,негізгі орта,жалпы орта,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты бекіту туралы»бұйрығы Қазақстан республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 жылғы№ 394 бұйрығын басшылыққа алып,мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жаңа бағыт бойынша жұмыс атқаруда. 2 балабақшада оқу-тәрбие үрдісі 44 педагогтармен қамтамасыз етілген.Онда:
Жоғары педагогикалық білімді-21, оның ішінде арнайы мектепке дейінгі тәрбиемен-11, орта арнаулы педагогикалық білімді-12.Санаты бойынша:жоғары санатты-жоқ, педагог-модератор-19, педагог-25
Шағын орталықта 25 тәрбиеші жұмыс істейді.Жоғары педагогикалық білімді-10,магистр дәрежесімен-1, орта арнаулы білімді-14, сарапшы-1, педагог-модератор-7, педагог санаты -17.Алдағы уақытта мектеп әкімшілігіне тәрбиешілердің біліктіліктерін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтамасыз ету бойынша ауданның 19 шағын орталықтарында 279, 2 балабақшада 280, жас ерекшеліктеріне сай барлығы 559 бала тәрбиеленуде.
Мектепалды даярлық топта 257 бала білім мен тәрбие алуда. Балабақша, мектепалды даярлық және шағын орталықпен 3-6 жас аралығындағы балалардың оқу және тәрбиемен қамтылуы 100%, 2-6 жас аралығындағы балалардың оқу тәрбиемен қамтылуы 98,1%.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы негізінде .Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына балаларды жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою Балабақша SMART NATION сайтында ваучерлік қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Ең алдымен баланы балабақшаға қабылдау үшін кезекке қою туралы өтініш беру қажет.
Ол үшін Balabaqsha.snation.kz порталына кіріп, ата-ананың және баланың ЖСН нөмірін енгізе отырып, жеке кабинетке тіркелу керек.
Тіркеуден кейін балаңызды кезекке қою жөнінде өтініш беріп, келесі параметрлерді таңдау:
– жас ерекшелігіне сәйкес топты;
– оқыту тілін;
– егер жеңілдіктер қарастырылған болса, тиісті тармақты белгілеп, растайтын құжаттарды тіркейді.
Балабақшада бос орын пайда болған жағдайда, жеке кабинет арқылы ата-анаға хабарлама жіберіледі және ата-анаға «ваучер» беріледі.
Ваучерді алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде ата-ана өз келісімін растау қажет.
Одан кейін 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды тапсырып, мектепке дейінгі ұйыммен шартқа қол қояды.
Балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
– профилактикалық егулер картасы (065/у нысаны);
– 052-2/у нысаны бойынша «Бала денсаулығының паспорты» анықтамасы;
– 027/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
– егер бала ерекше білім беруді қажет етсе – Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы;
– егер ата-ана жеңілдікті санатқа жатса (әскери қызметші, арнайы органдардың қызметкері, педагог және т.б.) – жұмыс орнынан берілген анықтама, қол қойылып, мөр басылған, бір ай мерзімге жарамды болуы тиіс. Бос орын болған жағдайда әлеуметтік жағдайына қарай балаларды балабақшаға немесе шағын орталыққа қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті ата-аналар ешқандай кедергісіз алып отыр.
Ауданда 2 балабақша және барлық шағын орталықтар өз жұмыстарын талапқа сай жүргізуде. Балабақшалара мен шағын орталықтардың жыл сайын ата – аналардың төлем ақысы ШҚО әкімдігінің қаулысы бойынша бекітіледі (2025 жылғы 19 қараша № 289 қаулы).
2025-2026 оқу жылы
|
№
|
Мекеме атауы |
Мемлекеттік балабақша саны |
Контингент саны |
2 - жас |
3 - жас |
4 - жас |
|
1 |
ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК |
1 |
140 |
40 |
50 |
50 |
2025-2026 оқу жылы
|
№
|
Мекеме атауы |
Мемлекеттік балабақша саны |
Контингент саны |
2 - жас |
3 - жас |
4 - жас |
|
1 |
ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК |
1 |
140 |
40 |
50 |
50 |
Балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына,отбасылық құндылықтарға,патриоттық сезімге,Отанға деген сүйіспеншілікке,мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу,қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын,қимыл,танымдық,шығармашылық,зерттеу,еңбек,дербес) арқылы ұйымдастырылуда.Барлық шағын орталықтарда,балабақшаларда,даярлық топтарда жоспарға сәйкес (ата-аналарының қатысумен) тәрбие шаралары өтуде.Сонымен қатар аудандық семинарлар,педагогикалық оқулар,байқаулар үнемі өтіп отырады.
ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің “Күршім ауылының балабақшасында” КМҚК 2025 жылы 28 қазан күні “Бала тәрбиесінде танымдық ортаны қалыптастыру жолдары” тақырыбында балабақша тәрбиешілері және Күршім ауданы бойынша шағын орталықтар педагогтарына,мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған аудандық педагогикалық оқу өтті. Педагогикалық оқу, педагогтардың, тәрбиешілердің оқу, білім саласында шеберлігін көтеру, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, иновациялық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі мекемелерде заманауи тәсілдерді пайдалану арқылы бүлдіршіндерді тәрбиелеу.Педагогикалық оқу келіп түскен жұмыстарға сәйкес өткізіледі. Педагогикалық оқуға қатысушылар жұмыстарын баяндама, ғылыми және инновациялық жобалар түрінде ұсынды. Педагогикалық оқу жеңімпаздары Күршім ауданының білім бөлімінің мадақтама грамоталарымен марапатталады.Байқауға 18 тәрбиеші қатысып:1 орынды «Күршім ауылының балабақшасы»КМҚК тәрбиешісі Нургазина Куралай Кайсарбековна.
https://www.facebook.com/share/r/17pvHtErnC/?mibextid=wwXIfr
2025 жылдың 04 қарашасында Күршім ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес “Болашақ” балабақшасында «Мектепке дейінгі мекемеде пәндік-кеңістік, дамытушы ортаны ұйымдастырудағы жасанды интеллект тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану арқылы пәндік-кеңістік дамытушы ортаны жаңаша ұйымдастыру тәжірибесін көрсету,педагогтердің инновациялық әлеуетін арттыру.
https://www.facebook.com/share/v/1Fgo6Nb98C/?mibextid=wwXIfr
2025 жылдың 21 қарашасында "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Фестивальдің мақсаты:педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру,Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.Аудан мектептерінен әр бағыт бойынша педагогтар қатысып,жеңімпаздар облыстық кезеңге өтті.
https://www.facebook.com/share/r/19Y7srUPC7/?mibextid=wwXIfr
Әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім бөлімінің әдіскерлері “Бурабай ОМ” КММ, "Қойтас НОМ" КММ, "Қыстау Күршім НОМ" КММ-, "Маралды ОМ" КММ барды.
ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 28 қарашасында Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Үздік балабақша тәрбиешісі” аудандық байқауы “Болашақ” балалар бақшасында өтті.
Байқаудың мақсаты – білім саласындағы тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау арқылы мамандықтың беделін өсіру және кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыра отыра, облыс көлемінде ең үздік тәрбиешілерді анықтау.
Байқау нәтижесінде 3-ші орынды "Теректібұлақ ОМ” шағын орталық тәрбиешісі А.Рахымжанова; “Бурабай ОМ” шағын орталық тәрбиешісі А.Жамбауова, “Қойтас НОМ” мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Б.Жылыспаева. 2-ші орын "№ 5 Күршім ОМ" шағын орталық тәрбиешісі А.Турсеитова, “Барақ батыр НОМ” шағын орталық тәрбиешісі Талғат Мөлдир. 1-ші орын "Болашақ" балабақшасының тәрбиешісі А.Наурызбаева; “Күршім ауылының”балабақшасының тәрбиешісі А.Калигожина. Бас жүлдені "Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі” КММ мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Алтай Қайнар иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Жүлделі орындардан тыс “Жаңашыл тәрбиеші”, “Шығармашыл тәрбиеші”, “Ізденімпаз тәрбиеші”, “Заманауи тәрбиеші” номинациялары берілді."Үздік балабақша тәрбиешісі" байқауының аудандық кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге жолдама алған Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі" КММ мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Алтай Қайнар 1 орынды иеленді. https://www.facebook.com/share/p/17agBDCCux/?mibextid=wwXIfr
Күршім ауданы бойынша қыркүйек айында мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері «Тәрбиелеу-білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру» курсын өтті. 12 тәрбиеші сертификат алды.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі,сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша жылына үш рет мониторинг жүргізіледі.