
Аудан бойынша 2025-2026 оқу жылының басында 2352, 1- жартыжылдық қорытындысы бойынша оқушылар контингенті- 2346 адамды құрады, бала саны 6 балға азайды.
2025 -2026 оқу жылындағы оқушылар қозғалысы
|
Сыныптар |
Жыл басында |
І тоқсан |
ІІ тоқсан |
1-жартыжылдық соңында |
|
1-4 |
912 |
913 |
922 |
922 |
|
5-9 |
1161 |
1155 |
1150 |
1150 |
|
10-11 |
279 |
276 |
274 |
274 |
|
Барлығы |
2352 |
2344 |
2346 |
2346 |
Жалпыға бірдей міндетті оқу заңы талабын орындау мақсатында есеп жүргізіліп, жас бойынша балалар тізімі алынды. Аудан мектептерінде тоқсан көлемінде оқушылар қозғалысы қадағаланып, келген –кеткен оқушылар есепке тіркелді. Бірінші сыныпқа 265 оқушы жасына сәйкес қабылдады.
1-жартыжылдық қорытындысы бойынша оқу озаты 504 (21,5%), оқу екпіндісі 874 (37,2%).
Мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларының есебі бойынша «жақсы» және «үздік»-ке 1- жартыжылдықты 1378 оқушы аяқтаған, яғни аудан бойынша білім сапасы 66,7% құрап отыр, бұл көрсеткіш былтырғы оқу жылынын 1- жартыжылдығымен салыстырғанда 2% өскені байқалды, өткен оқу жылдың 1- жартыжылдығында білім сапасы 64,7% құраған.