Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Работа по формированию антикоррупционной культуры в организациях образования

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар

 

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңның 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, жүргізілген жұмыстар.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен экономикаға кері әсері өте зор. Әсіресе білім беру саласында бұл мәселе оқу сапасына, мұғалімдер мен студенттердің, оқушылардың құқықтарына, сондай-ақ оқу орындарының абыройына теріс ықпал етеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, бұл мәселені алдын алу мен шешуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осы орайда Күршім ауданы бойынша білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шараларды атап өтуге болады:

  1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау мақсатында 2025 жылдың қыркүйек айында  Күршім ауданы бойынша білім бөліміне қарасты  заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар және педагогтармен жиналыстар өтті.
  2. 2025 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға сәйкес әр ұжымда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің департамент өкілдері мен аудандық ішкі саясат қызметкерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында біріккен жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланып, жемқорлыққа қарсы насихат парақшалар ілінді.
  3. Әр мекемеде,сонымен қатар мектептерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша: сыбайлас жемқорлыққа арналған стендтер шығарылып ілінді. Ата -аналар комитетінің  отырысында білім сапасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестің жүзеге асуы туралы кәсіподақ төрағалары таныстырып өтті. Сынып жетекшілер   оқушылармен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мектеп ұжымы арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында іс шара жүргізілді.
  4. Мектептерде 2024-2025 жылдық жоспарына сәйкес «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» тақырыбында мектеп ұжымымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп мектеп директорлары сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі екендігін және жемқорлыққа бірлесіп қарсы тұру керектігін айтып өтіп, осы жұмыс аясында мектептерде «Адалдық дүкені» жұмыстарын жасауда. Жобаның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сана мен мәдениетті дамыту, қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру. «Адалдық дүкенінің" өзгешелігі сол, мұнда еш дүкенші болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы жәшікке салып кетеді. Бұл адам  бойында тазалық,   адалдық, жауапкершілік қасиеттерін көбірек сіңіруге себеп болмақ.
  5. Сондай-ақ жастар арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында “Менің қоғамым- жеморлықсыз қоғам” тақырыбында 7-9сынып оқушыларымен кездесулер  өткізіліп, өткізілген іс шаралар  Insagram желілеріне, мекеменің жеке парағына салынды.
  6. 2025 жылдың 27 қыркүйегіндегі №60 бұйрық негізінде  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының  «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмады.
  7. ҰБДҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 тамызда № 29187 болып тіркелген

"Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйені қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  бекітілген жүйе. Бұл жүйенің іске қосылуының арқасында: Барлық процестер автоматтандырылды, ақпарат жұртшылыққа, әсіресе ата-аналар мен оқушыларға қолжетімді етіп, бюрократиялық тосқауылдарды жою арқылы, жүйедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

  1. Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған, барлық балабақша қызметтері мен процестерін жүйелі , ашық және қолжетімді әрі кез келген заңсыз әрекеттің алдын алуға ықпал етуге арнаған жүйелердің бірі . snation.kzBalabaksha SmartNation. Қағаз құжаттармен жұмыс істемеу арқылы жалған ақпаратты енгізу мүмкіндігі төмендеді. Кезекке турудан бастап ата-аналар бұл  жүйе арқылы өз баласының оқу нәтижелерін, қатысуын, педагогикалық жұмысты бақылауға мүмкіндік алды. Балабақшадағы кез келген жаңалықтар мен іс-шаралар туралы ақпаратты электронды түрде ала алады.

 

  1. «E-portfolio», «Webustaz». Тағы да бір мемлекетіміңіздің білім беру сапасын арттыру мақсатында енгізген жүйелерінің бірі (оқушылар мен студенттердің академиялық жетістіктерін, кәсіби дағдыларын және жұмыс тәжірибелерін бір жерде жинақтауға мүмкіндік бере отырып  білім беру мекемелерінің оқу үдерісін бақылауды жеңілдеткен, сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушыларға өз жетістіктерін көрсетуге және талдауға мүмкіндік береді) атап өтуге болада . Осы жүйені пайдалана отырып ағымдағы жылы Күршім ауданы бойынша 110 педагог аттестатталды. Соның ішінде, 79 педагог құжаттарды «E-portfolio» порталы арқылы , 31 педагог «Webustaz»  порталы арқылы тапсырды. Аттестаттау кезінде педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары басшылыққа алынды. Аттестация қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының 2 басшысы үшінші санаттағы біліктілік санатына, және 1 басшы орынбасары үшінші санаттағы оқу-тәрбие ісі жөніндегі біліктілік  санатына аттестатталды.    педагогқа педагог-сарапшы біліктілік санаты 18 ұстазға берілді,педагог-зерттеуші санаты 8 ұстазға берілді және осы жүйелердің арқасында педагог қызметкерлерді аттестаттау рәсімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктері анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Документы
Бұйрық
31 марта 2025
Қаражат жинамау туралы
Бұйрық
27 марта 2024
Ауданның білім беру мекемелерінде қаражат жинамау туралы бұйрық (№ 51 19.09.23 ж.)
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы