Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект

Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект

Цифрлық технологияларға кең мағынада электронды құрылғылар, жүйелер мен мәліметтерді өңдейтін бағдарламалар жатады. Мұндай жағдайда компьютер мен смартфондар, әлеуметтік желілер, жасанды интеллект, түрлі бағдарламалар осы түсініктің ішіне енеді. Цифрлық сауаттылық дегеніміз осы технологияларды меңгеру және қолдана білу.

Осы орайда Күршім ауданы білім беру мекемелері соңғы 5 жылда 946 компьютерлік техникамен жабдықталған. Аудан бойынша 1 компьютерге 2 білім алушыдан келеді.

Күршім ауданына қарасты білім беру мекемелерін интернет жылдамдығы кемі 20 мбиттен 150 мбит/сек-ке көтерілді.

Келісім шарт бойынша 60мбит/сек жылдамдыққа дейін интернет желісіне №1 Күршім орта мектебі, 40 мбит/сек жылдамдыққа дейін №5 Күршім орта мектебі, 20 мбит/сек жылдамдыққа дейін Сарыөлең орта мектебі, қалған 18 мектепке 150 мбит/сек жылдамдықпен Starlink спутниктік технологияларын пайдалана отырып, кең жолақты интернет тартылды.

Мектептер ауданы kundelik.kz электрондық журналымен 100% жұмыс істеп отыр, сондай-ақ Bilimland электрондық платформаларын пайдалануда.

ChatGPT математика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы үлкен мүмкіндіктер ашады, есептердің шығарылуын жеңілдетеді. Duolingo Math, Photomath сияқты қосымшалар оқушыларға математикалық есептерді шешуге көмектеседі. GeoGebra, Wolfram Alpha сияқты бағдарламалар математикалық есептерді шешуге және графиктер салуға таптырмас құралдар болып табылады.

Magic School орыс тілі сабақтарында Sokrative платформасын қолдануда. Бұл платформа оқушылардың алған білімін қаншалықты және қандай деңгейде меңгергенін анықтауға өте қолайлы. Сондай-ақ осыған ұқсас Google Forms, Plickers бағдарламалары қолданылады. Бұл конструкторлар сауалнамалардың әртүрлі түрлерін жасауға үлкен көмек береді. Барлық нәтижелер сауалнама аяқталған сәтте бірден белгілі болады және сауалнама құрастыру өте ыңғайлы.

LearningApps — ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын жасанды интеллектінің бір түрі.
Kahoot жобасын оқу мақсатында дидактикалық ойын ретінде немесе оның көмегімен тест, сауалнама, оқу барысында дидактикалық ойын құрастыру, сондай-ақ оқушылардың білімін тексеру мақсатында сайыс түрінде қолдануға болады. Бағдарлама компьютер, ноутбук, сонымен қатар смартфондар арқылы жұмыс істейді.

Bamboozle бағдарламасын топтық тапсырмаларда сайыс түрінде қолдануға болады. Оқушылар ұпай санын таңдап, сол ұпайға сәйкес берілген сұрақтарға жауап береді. Топтардың ұпайларын бағдарлама өзі автоматты түрде есептеп көрсетіп отырады.

Жасанды интеллектіні сабақта мұғалімнің орнына емес, мұғалімнің көмекшісі ретінде қолдану, ең бастысы — әрбір баланың жеке даму траекториясын анықтауда жасанды интеллекттің көмектесе алатынын көріп отырмыз. Осыған байланысты алдағы уақытта жасанды интеллект түрлерін одан әрі тиімді пайдалану және жұмыс барысында кеңінен қолдану мәселесіне ерекше назар аударып, педагогтерге арналған семинарлар мен вебинарлар өткізу, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келген педагогтердің өз іс-тәжірибелерімен бөлісу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Күршім ауданда барлық педагогтар, яғни мұғалімдердің жалпы санының 100%-ы, «Ustazga AI» жобасына қатысып, жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану бойынша тиісті оқудан өтті.

https://www.facebook.com/share/r/1Bs1su2Gwo/

 

Документы
Ақпарат
31 марта 2025
Жасанды интеллект
Новости
Полезные материалы
Білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы