Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дарынды балалармен жұмыс 2025-2026 оқу жылы

2025-2026 оқу жылында Күршім ауданы білім бөлімінің Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығымен атқарған жұмыстары

           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылған олимпиада, конкурстарға аудан оқушылары қатысып отырады.

           24 қыркүйек күні откен «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауына ауданнан 5 оқушы қатысып, 2 оқушы І, ІІ орындар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. (№3 Күршім гимназия, №5 Күршім ОМ) (https://www.facebook.com/share/p/1ZgZLHNfjZ/?mibextid=wwXIfr)

             6 қазан күні 11 сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 6 оқушы қатысып 1 оқушы ІІІ орынмен марапатталды. ( №3 Күршім гимназиясы)

(https://www.facebook.com/share/p/1L9LMEsZNx/?mibextid=wwXIfr)

           15 қазан күні «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңіне 7 оқушы қатысып, 6 оқушы ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. (№3 Күршім гимназиясы, №4 Күршім ОМ, Қойтас НОМ) (https://www.facebook.com/share/r/1CkYaXwCTw/?mibextid=wwXIfr)

           8-10 қазан аралығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі №1 Күршім ОМ базасында өтті. Олимпиадаға мектепішілік іріктеу кезеңінен өткен 105 оқушы қатысты. 28-30 қазан күндері Өскемен қаласында өткен ауыл оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиадаға ауданнан 55 оқушы қатысып, 31 оқушы жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.  І орын алған 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

   (https://www.facebook.com/share/p/1Zy5RWMyT3/?mibextid=wwXIfr) (№3 Күршім гимназиясынан Мейрамбекұлы Бекнұр Қазақстан тарихы 10 сынып, Альжапарова Аужан ағылшын тілі 10 сынып, Дәулетбаева Асылжан Қазақстан тарихы 11 сынып, №4 Күршім ОМ-нен Сарқытов Санжар ағылшын тілі 10 сынып, Немыкин Максим география 9 сынып). 24-30 қараша аралығында Астана қаласында жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадаға №4 Күршім ОМ 9 сынып оқушысы Немыкин Максим қатысып, ІІ орынмен және күміс медальмен марапатталды (https://www.facebook.com/share/v/17tpgGCmR1/?mibextid=wwXIfr). 8-14 желтоқсан күндері Астана қаласында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бойынша өткен республикалық кезеңге 4 оқушы қатысып қайтты.

             13 қазан күні №3 Күршім гимназиясының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ғылыми зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 13 мектептен 64 оқушы 55 жобамен қатысып, 48 жоба жүлделі орындар иеленді. Үздік деп танылған 21 жоба облыстық кезеңге жіберілді. 3 қараша күні Өскемен қаласында өткен 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының облыстық кезеңіне ауданнан 21 жобамен 29 оқушы қатысып, 17 жоба (22 оқушы) жүлделі орындармен марапатталды. І орын алған 1 жоба республикалық кезеңге жолдама алды. (Қаратоғай ОМ Қасымова Алмагүл 7 сынып)

(https://www.facebook.com/share/p/1Jm6k3gRQ5/?mibextid=wwXIfr)

           22 қазан күні 9-10 сынып оқушыларының «Менің кіші Отаным» республикалық байқауының облыстық кезеңіне 4 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі ІІІ орындармен марапатталды.

(https://www.facebook.com/share/p/1CQ9UXJXna/?mibextid=wwXIfr)

          17 қазан күні №4 Күршім ОМ базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа 10 мектептен 27 жоба (28 оқушы) қатысты. 24 жоба жүлделі орындармен марапатталып, 14 жоба облыстық кезеңге жіберілді.  Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 5 жоба жүлделі орындармен марапатталды. (https://www.facebook.com/share/p/1AJ8mEUF5Q/?mibextid=wwXIfr)

            12-13 қараша күндері №4 Күршім ОМ базасында 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 20 мектептен 119 оқушы қатысып, 53 оқушы жүлделі орындармен марапатталды. 18 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

(https://www.facebook.com/share/p/181BZgVw9p/?mibextid=wwXIfr)

            14 қараша күні №3 Күршім гимназиясының базасында 3-4 сынып оқушыларының математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға қатысқан 44 оқушының 10 оқушысы облыстық кезеңге жолдама алды.

(https://www.facebook.com/share/p/17UxnRR5GX/?mibextid=wwXIfr)

            21 қараша күні №3 Күршім гимназиясының базасында 5-6 сынып оқушыларының математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға қатысқан 53 оқушының 10 оқушысы облыстық кезеңге жолдама алды.

 (https://www.facebook.com/share/p/1AALKFwvr1/?mibextid=wwXIfr)

21 қарашы күні Өскемен қаласында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына ауданнан 2 оқушы қатысып, екеуі де І орынмен республикалық кезеңге өтті. (№4 Күршім ОМ 11 сынып оқушысы Тұрсынова Еңлік, №5 Күршім ОМ 11 сынып оқушысы Нұрланова Дарина) (https://www.facebook.com/share/p/1Se1171bj5/?mibextid=wwXIfr)

            28 қараша күні №3 Күршім гимназиясының базасында 10-11 сынып оқушыларының математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға қатысқан 14 оқушының 8 оқушысы облыстық кезеңге жолдама алды.

(https://www.facebook.com/share/p/1KJcZP62fY/?mibextid=wwXIfr)

           3-4 желтоқсан күндері №1 Күршім ОМ базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 141 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. 17 Оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

             18-19 желтоқсан күндері №1 Күршім ОМ базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 20 мектептен 160 оқушы қатысты. (https://www.facebook.com/share/p/17BdMsEjEP/?mibextid=wwXIfr)

            25 желтоқсан күні 9-11 сынып оқушыларына сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 4 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІІ орынмен марапатталды.

(https://www.facebook.com/share/p/1HRAm8o1ZX/?mibextid=wwXIfr)

           5-9 қаңтар аралығында Өскемен қаласында өткен облыстық кезеңге 28 оқушы қатысып, 1 оқушы І орын (Фархатқызы Аяужан 11 сынып, құқық негіздері пәні, №1 Күршім ОМ), 4 оқушы ІІ орын, 12 оқушы ІІІ орынмен марапатталып, Күршім ауданының командасы ІІ орын дипломымен және «Үздік олимпиадалық команда- 2026» кубогымен марапатталды. Ауыл мектептері арасындағы олимпиаданың қорытындысы бойынша Күршім ауданының командасы І орын дипломымен және «Үздік ауыл олимпиадасы» кубогымен марапатталды.

(https://www.facebook.com/share/p/18655ecRDD/?mibextid=wwXIfr)

          21 қаңтар күні 9-11 сынып оқушыларына арналған қаржы және экономикадан республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қашықтан өткізілді. Олимпиадаға ауданнан 2 мектептен 6 оқушы қатысты. (Маралды ОМ-1, №3 Күршім гимназия-5)

(https://www.facebook.com/share/p/1AdjL14WJC/?mibextid=wwXIfr)

Документы
Ақпарат
15 октября 2026
"Ауыл" олимпиадасының аудандық кезенінің қорытындысы
Жоспар
31 марта 2025
2024-2025 оқу жылына жұмыс жоспары
Ақпарат
29 марта 2025
Дарын 2024-2025
Новости
Полезные материалы
Дарынды балалармен жұмыс 2025-2026 оқу жылы
Дарынды оқушылармен жұмыс
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы