Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қосымша білім беру

Оқушылардың өз мүмкіндігін қосымша білім беру арқылы жүзеге асыру

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесі тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі тануына, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Бұл ретте қосымша білім беру жүйесінің маңызы ерекше..

Қосымша білім беру арқылы оқушылар:

- өз қызығушылығына сай бағыт таңдай алады;

- шығармашылық ойлау қабілетін дамытады;

- қоғамдық өмірге белсенді қатысуға бейімделеді;

- мамандық таңдауға ертерек бағыт алады.

Осы мақсатта бүгінгі күні ауданда 22 жалпы білім беру мекемесінде 22  бағыт бойынша 204 үйірмеде 2118 оқушы қамтылған, ол жалпы бала санынан 1-10 сынып (2216 оқушы) 93 пайызды құрайды. ал қосымша білім беру мекемелерінде: балалар шығармашылық үйінде-138, Күршім балалар музыка мектебінде - 195 оқушы қамтылған.

Білім беру мекемелерінің  тәжірибесінде төмендегі бағыттар бойынша тиімді нәтижесін көрсетіп келеді:

- Көркем-эстетикалық бағыт: бейнелеу өнері, қолөнер, би, вокал, музыка;

- Туристік-өлкетану: туған өлкені зерттеу, экологиялық экспедициялар;

-  Спорттық бағыт: дене шынықтыру, спорт секциялары;

- Әлеуметтік және азаматтық бағыт: дебат, волонтерлік, лидерлік мектептер.

 - Ғылыми-техникалық бағыт: робототехника, ІТ, бағдарламалау үйірмелері;

Күршім ауданы бойынша 3 қосымша білім беру мекемелері қызмет атқарады: Күршім балалар музыка мектебі, балалар шығармашылық үйі және «Балдәурен» сауықтыру лагері.

Балалар музыка  мектебінде домбыра, қобыз, фортепиано аспаптарымен қатар домбырамен ән айту, хореография бөлімдері жұмыс істеп, қабілеттілік деңгейлерін көтеруде. Сондай ақ аталмыш мектепте оқушылардың хор ұжымы, мектеп ұстаздарының «Әлқисса» фольклорлық ансамбльі, домбырашылар ансамблі, «Тұмар» және «Әдемі-ай» бишілер ұжымдары жұмыс істеуде. 

  • Балалар музыка мектептерінің оқушылары- жас музыканттардың республикалық фестиваль конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалык кезеңіне жолдама  алды.
  • «Әдемі-ай» үлгілі бишілер ансамбльі «Ақ шағала» республикалық хореографиялық Фестиваль-конкурсының облыстық кезеңінде хореография бағыты бойынша I орын және Республикалық кезеңінде 1 орынға ие болып дипломдармен марапатталды.
  • «Көктем дауысы» облыстық вокалистер байқауында эстрадамен ән айту сыныбының оқушылары қатысып- І орынға 5 оқушы, ІІ орынға 1 оқушы, ІІІ орын -5 оқушы ие болса, домбырамен ән айту сыныбының 1 оқушысы І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Қаратоғай ауылындағы филиалының эстрадамен ән айту сыныбының 2 оқушысы І орын және 4 оқушы ІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды.
  • «Алтай жұлдыздары» облыстық байқауында Күршім балалар музыка мектебінің «Әдемі-ай» үлгілі бишілер ансамбльі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Аспапта  орындау  номинациясы  бағыты  бойынша қобыз сыныбының оқушысы ІІ дәрежелі дипломмен, фортепиано бағыты бойынша  2 оқушы, домбырамен  ән айту бағытында 1 оқушы І дәрежелі, 3 оқушы   ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Семей қаласында өткен Республикалық «Жарқын болашақ» өнер орталығының ұйымдастыруымен IX Республикалық «Жарқын жұлдыз» атты өнер байқауында  «Вокал» жанры бойынша 1 оқушы өнер көрсетіп І орынға ие болып, Түркия еліне барып І дәрежелі Дипломмен марапатталып, Лауреат атағына ие болды. 
  • Қосымша білім берудің «Үздік педагогі-2025» музыкалық бағыты бойынша облыстық байқауына қатысып домбырамен ән айту сыныбының оқытушысы Утеулинов Бауыржан Қуанышұлы 3-ші орын иеленсе, «Музыка мектебінің үздік педагогі-2025» байқауында Әбіш Марина аудандық кезеңінде  хореография мамандығы бойынша 1- ші орын, облыстық байқауда 3- ші орынға ие болды. Сонымен қатар ағымдағы жылы 2 оқытушы мамандықтары бойынша біліктілігін арттыру курстарына қатысып, сертификат алды.

 Балалар шығармашылық үйі келесі 6 бағыт бойынша жұмыс  істейді: хореография, қолөнер, шахмат, бастапқы модельдеу, драма, өлке құпиялары үйірмелері. Барлық үйірмелер жиынтығы 138 оқушыны қамтыйды.

  • 2025 жылдық қыркүйек айында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Жас техник» үйірмесінің оқушылары қатысып, нәтижесінде 1 оқушы ІІ орын, 5 оқушы ІІІ орын иеленді.
  • Жыл көлемінде Қ.Тұрар атындағы аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылатын іс-шараларда «Жайна» үлгілі халық билері ансамблінің оқушылары өнер көрсетуде.
  • ШҚО білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Күз сыйы» шығармашылық конкурста «Жас техник» үйірмесінің 4 оқушысы І орындарға ие болса, «Қолөнер» үйірмесінің 3 оқушысы І орындарға ие болды.
  • «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының  облыстық  көрме – байқауында «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш)»  номинациясы бойынша «Жас техник» үйірмесінің оқушылары «Ахмет Байтұрсынұлы» жұмысымен  І орынға, «Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;» номинациясы бойынша  «Шекелік, алқа, сырға» жұмысымен Бас жүлдеге, «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша «Бесікті ана» жұмысымен Бас жүлдеге, «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.» номинациясы бойынша «Саяжай» жұмысымен  І орынға ие болды.
  • «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойынша «Қолөнер» үйірмесінің оқушылары «Наурыз думан» жұмысымен 2 орынға, «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша «Ұлттық көйлек» жұмысымен Бас жүлдеге, «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша «Девушка с конем» жұмысымен ІІІ орынға, «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша «Сәукеле» жұмысымен І орынға ие болды.
  • Бисер технологиясы бойынша қашықтықтан ұйымдастырылған «Мамыр сыйы» атты аудандық көрме-байқауына «Қолөнер» үйірмесінің 4 оқушысы ІІІ орын димпломы мен сертификаттарға ие болды.
  • «Қосымша білім берудің үздік педагогі-2025» облыстық байқаудың аудандық кезеңінде хореография бағыты бойынша «Хореография» үйірме жетекшісі Наукенов Салий Калиевич қатысып, нәтижесінде бірінші орынға ие болып, облыстық байқауға ұсынылып, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қосымша білім берудің үздік педагогі-2025» облыстық байқауына хореография бағыты бойынша І орынға ие болды.
  • Жыл сайын 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өтетін мерекелік іс-шараға байланысты орталық «Абай алаңында» «Қолөнер» үйірме оқушылары шығармашылығынан «Өнерлі қолдар» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.

2025 жылдың 17 маусымнан 7 ауысымда «Балдәурен» лагерінде 700 бала демалыспен қамтылды.

Қорытындылай келе, қосымша білім беру ұйымдарына қатысатын оқушылар саны жыл сайын артып келеді. Балалар шығармашылығы үйі, музыка мектебі және басқа да бағыттарда жұмыс істейтін үйірмелер мен секциялар оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп отыр.

Қосымша білім беру – оқушының өзін-өзі табуының, өмірлік жолын анықтауының басты құралы. Әрбір мектеп осы бағытта жағдай жасап, шығармашыл тұлға тәрбиелеуге үлес қосуы тиіс. Білім бөлімі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан қолдау табатын болады.

Бұл — қосымша білім беру жүйесінің нәтижелі екенін және мектеп пен қосымша білім ұйымдарының өзара байланысының тиімділігін дәлелдейді.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Қосымша білім беру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы