Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы 2025-2026 оқу жылы

   «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру негізінде тәрбие жұмысының есебі

 Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасына негізделген тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық құндылықтары бойынша жүзеге асырылды.

  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің  бұйрығына 1-қосымша «30» шілде 2025 жыл  № 194 бұйрығы ( 11.12.2025ж № 281 өзгерістермен) негізінде жүзеге асады.

Бағдарламаның мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру

Қазіргі қоғамның мәселелері: вейп, нашақорлық, буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, діни экстремизм. Шешу жолдары: Тәрбиенің құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерін қолдану. Соған бағытталған 6 құндылықты басшылыққа алып жыл көлемінде жұмыс атқарамыз: Ол: Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық. Бұл құндылықтар ұлттық мүддені ілгерілету, ынтымақтастық пен әлеуметтік интгерация, қоғамға қызмет ету, құқықтық мәдениет және Заңға құрмет, еңбек етугеғ жетістіктерге жетуге ұмтылу, шығармашылық креативті ойлау.

Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шаралар жоспарланған.Күнделікті: үнемді тұтыну, күй күмбірі, өнегелі 15 минут. Апта сайын: менің Қазақстаным, әғни гимн орындау апта басында,қауіпсіздік сабақтары, апта дәйексөздері. Сонымен қатар ай сайынғы қамтылатын іс-шаралар , олар: цифрлық әлемде қауіпсіз қадам, Буллингтен қорған, Ойынға салауатты көзқарас, Өмірге салауатты қадам, Қоғамдық мүлікті қорға, және қауіпсіз қоғам. Ай сайын тақырыптар берілген, сол тақырыптармен іс шаралар өту керек, және сынып сағаттарын сол тақырыпта өткізу керек. Жыл көлемінде 77  іс шара өту керек, кестесі Сіздерде бар, 33 сынып сағаты болса 43 мектепішілік шара.

Ата-аналарды, ұстаздарды оқушыларды тарта отырып, құндылықтарды қалыптастыруға жобалар кіріктірілген. Олар: «Қамқор» жобасы, «Еңбегі адал жас өрен», "SMART BALA", «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы.

Сынып сағатында мемлекеттік мүдделі органдармен бірлескен шаралар ұсынылады, яғни әр дүйсенбі күні сынып сағатына АПБ қызметкерлерін, аурухана, прокуратура қызметкерлерін шақырту, сонымен қатар биылғы оқу жылына сынып сағаттарындағы 10 минуттық қауіпсіздік сабағына жолда жүру қауіпсіздігін енгізу керек.

Ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында «Күй күмбірі» мектептерде күнделікті пайдаланылады. Үнемді тұтыну бойынша оқушылармен сынып сағаттарында энергияны үнемдеу, суды үнемді пайдалану жайлы айтылып отырады, мектептерде дәлізде күнделікті бейнебаяндар көрсетіледі. 7-11 сыныптар аралығында «Қалдықтарға екінші өмір сыйла» бойынша жобалар жасалды.  

Аудан білім беру мекемелерінде ата-аналарды педагогикалық психологиялық қолдау орталықтары жұмыс жасайды. Өткізілетін сабақтардың кестесі, жоспары құрылған.

Мектептердің ресми сайты мен Instagram парақшалары арқылы оқушылар, ата-аналар және педагогтер мектептегі барлық маңызды жаңалықтар мен іс-шаралардан хабардар болады.

Ауданның білім беру мекемелерінде әр аптаның соңында «Апта жаңалықтары» айдарымен қорытынды шығарылады. Апта бойы атқарылған іс-шараларды әлеуметтік желіге салып отырады.

 

 

Документы
Ақпарат
03 февраля 2026
2025-2026 оқу жылының 1 жартыжылдығында өткізілген әс-шаралар
Ақпарат
03 февраля 2026
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ақпарат
03 февраля 2026
2025-2026 оқу жылына арналған жүмыс жоспары
Новости
Полезные материалы
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы 2025-2026 оқу жылы
Тәрбие жұмыстары
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы