Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың тарихы

1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдады. Бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Заңда облыс, аудан, қала аумағында халықтың өкілді органы болып мәслихат – депутаттар жиналысы табылатындығы айқындалған. Бұл жерде жергілікті өкілді органдардың жай ғана атауы емес, түбірімен мәнісі өзгергенін атап өту керек. Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптастасқан жергілікті кеңестерден айырмашылығы, мәслихаттар-депутаттар жиналысы облыстарда, облыстық және республикалық маңызы бар аудандар мен қалаларда және астанада ғана сайланды. Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары іс жүзінде жергілікті халықтың еркін білдіретін және қызметiн өзiнiң құзыретi шегiнде дербес жүзеге асыратын және тiкелей қосымша бағыныстылықта болмайтын мемлекеттік органдар болып танылды. Конституциясы қабылданды. Оның 3-тарауының 86-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдар мәслихаттар деп аталады. Сонымен еліміздің негізгі Заңы жергілікті мемлекеттік басқарудың негіздерін бекітіп, оған жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатқызылды, олардың әлеуметтік ролі мен функцияларын анықтады, жергілікті өкілді органдардың атауын және олардың өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңның қабылдануы үшін алғышарттар жасады.

Бұдан әрі 2001 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Заңның 1-тарауының 1-бабы мәслихаттарға анықтама береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілді. Жаңа редакциядағы ҚР Конституциясының 89-бабында 2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістерімен бірге, мәслихаттардың ролінің айтарлықтай артуы қарастырылған, олар пәрменді жергілікті өзін-өзі басқарудың атынан шығатын болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті мәслихаттың келісімімен әкімдер тағайындалады.
Мәслихаттар 5 жылға сайлана бастады.

1994 жылғы 7 наурызда елдің жаңа өкілді органдарына - бірінші шақырылған мәслихаттар-депутаттар жиналыстарына депутаттар сайлауы болып өтті (1994-1999 жылдар).
Күршім аудандық мәслихаты – депутаттар жиналысына 34 депутат сайланды. 1999 жылдан 2003 жылға дейін күршім аудандық мәслихаттың құрамында 13 депутат қызмет атқарды.
2003 жылдан 2007 жылға дейін – үшінші шақырылымның 2007 жылдан 2011 жылға дейін– төртінші шақырылымның мәслихаттың құрамында 13 депутат қызмет атқарды, 2012 жылдан 2016 жылға дейін– бесінші шақырылымның мәслихаттың құрамында 13 депутат қызмет атқарды,2016 жылдан 2020 жылға дейін - алтыншы шақырылымның мәслихаттың құрамында 13 депутат қызмет атқарды, 2021 жылдан 14 қаңтар айынан бастап 11 депутаттар өз жұмысын бастады.Барлық шақырылымдағы Күршім аудандық мәслихатының депутаттар корпусы – бұл ауданымыздың агроқұрылымдарының, өндіріс көлемдері үлкен кәсіпорындарының басшылары, әртүрлі медициналық мекемелердің бас дәрігерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіподақ қызметкерлері, металлургтер және т.б. Олардың көпшілігі өздерін әртүрлі қызмет салаларында табысты көрсетіп, облыстың экономикасы мен әлеуметтік саласына біршама үлес қосты. Сонымен бірге депутаттар – ешқандай артықшылық бермейтін, негізгі жұмыстан босатпайтын, бірақ көп уақыт пен күш-жігерді алатын жауапты, қоғамдық маңызды іспен айналысатын адамдар.

Депутаттарымыздың арасында бірнеше шақырылым бойы сайлаушылар сенім білдірген депутаттар да бар. Олар бес шақырылымның депутаты Жанат Зайнолдабекович Азимбаев (1,2,3,4,5),төрт шақырылымның депутаттары Кайролда Даутбекович Абилмажинов (2,3,4,5), Сейтбек Коржинбаевич Рахимов (3,4,5,6), үш шақырылымның депутаты Алибек Калирахимович Бахтияров (5,6,7), екі шақырылымның депутаттары Задабек Бөкейханұлы Шапатов (3,4),Ержан Оканович Сқақов (3,4),Нурлан Есімханұлы Касымханов (4,6),Гульнар Касымгазыновна Кожахметова (4,5).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 января 2022
Дата обновления
29 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ережелер мен рәсімдер
24 апреля 2023
КҮРШІМ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
Ақпарат
26 декабря 2022
Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы