Аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика,заңдылықтар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы
Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: аудандық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша істердің жағдайын тексеру және қорытындылар беру, комиссия құзыреті шегінде мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсыну; қоғамдық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; Күршім әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімімен өзара әрекет ету, заңдылық және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болу; комиссия құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының қажетті ақпараттарын тыңдау; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша аудандық сайлау комиссиясының ұсыныстарын қарау; аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық этиканы бұзуы туралы материалдарды қарау комиссия
Төрағасы: Мухаева Айгуль Муратхановна – «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ директорының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Бахтияров Алибек Калирахимович ,Тұрсынхан Жиынқуа.
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы
Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: аудандық бюджетті қалыптастыруға, бекітуге және орындалуын бақылауға қатысу; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, олардың орындалуы туралы есептерді бекіту. Комиссияның қорытындыларын шығару; бюджет қаражаттарын үнемдеу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды аудандық мәслихат сессиясына енгізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; бюджет, экономика, өңірлік даму проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің аудандық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.
Төрағасы: Потанина Надежда Александровна – Күршім кәсіпкерлер палатасының директоры;
Комиссия мүшелері:
Айкенев Тимур Калимжанович,Тердыкбаев Кайрат Сапиолданович, Ақылбекұлы Рауан,Толебаев Жандос Токтарбаевич.