Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 9/7-VII «Күршім ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Күршім ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқуға арналған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.».
|
Мәслихат төрағасы |
|
К. Бахтияров |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 04.05.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 8835-16 болып енгізілді
Результаты согласования
ГУ "Аппарат Курчумского районного маслихата" - Главный специалист-юрист Болат Жакупович Рыспаев, 28.04.2023 16:20:15, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "Аппарат Курчумского районного маслихата" - Председатель маслихата Кайрат Токанович Бахтияров, 28.04.2023 16:21:00, положительный результат проверки ЭЦП