Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті депутаттар, сессияға қатысушылар!

 

Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Күршім аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2021 жылы 14 қаңтардағы шешіммен сайланған. Комиссия төрағасы Потанина Н.А., мүшелері: Айкенев Т.К., Тердыкбаев Қ.С., Ақылбекұлы Р., Төлебаев Ж.Т.  Тұрақты комиссияның жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, аудандық мәслихат Регламентіне, перспективалық және ағымдағы жоспарларына, сессия шешімдеріне, тұрақты комиссияның қаулысымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Шақырылым басталғаннан бері аудандық мәслихаттың 15 сессиясы өткізілді. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатын ұтымды, мақсатты және тиімді пайдалану мәселелері, аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері қаралды, аудандық және ауылдық округтерінің бюджеттеріне 12 мәрте өзгерістер енгізіліп, қайта нақтыланды. Сондай-ақ, 2020 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы есебі, Күршім ауданы аумағын дамытудың өңірлік бағдарламасының орындалу барысы, ауданда короновирус инфекциясымен аурудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы, 2021 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды ұйымдастыру; ауылшаруашылығы саласының басым бағыттарын дамыту бойынша іс-шаралардың орындалу барысы; ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы; ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы, ауданда жұмыспен қамту бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы, аудандық бюджеттік комиссияның жаңа құрамын бекіту туралы т.б. мәселелер қаралып, ведомствоаралық комиссиялар мен кеңестердің құрамдары жаңартылып, бекітілді. Сессияларда барлығы 126 шешім қабылданды, оның ішінде 8 - нормативтік құқықтық актілер.

Комиссия отырыстарында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, өмірдің барлық салаларына қатысты мәселелерді шешеді: медициналық қызмет көрсету, мектептерді жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, интернет байланысын орнату, тұрғын үй құрылысы, көшелерді жарықтандыру және т.б. Сондай-ақ жеке сипаттағы көптеген мәселелер шешіледі: қиын отбасылық жағдайға байланысты материалдық көмек көрсету немесе емделу үшін қаржылық көмек көрсету туралы, мәселелердің бір бөлігі жұмысқа орналасуға, оқуға және т.б. қатысты болды.

  Өткен кезеңде сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттар түрлі органдарға депутаттық сауалдар жолдады. Жолданған сауалдар қанағатырылды. Атап айтқанда: Марқакөл ауылындағы «Диана» жеке кәсіпкерлігінің иесі Ж.Хамитованың өтініші бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді, 2 азамат ҚР азаматтығын алып, жеке бас куәландыратын құжаттарын алды, Қалжыр ауылының тұрғыны жанұяларымен дәрігерлерге бір кезекке койылды, Маралды ауылында ағымдағы жылдың түз тағыларының шамадан тыс артып кетуіне байланысты ауылдың ішіне кіріп шабуыл жасап, алдағы уақытта кайталанбас үшін, түз тағыларын жою жұмыстарын  ұйымдастыруына ықпал етуді сұралды. 1990 жылғы болған жер сілкінісінің салдарынан істен шыққан Күршім ауылындағы кәріз жүйесін қайта құруға жасалған жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізуге қойылған мараториді алып тастау бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне депутаттық сауал жіберіліп, оң шешілді. Депутаттардың сайлауалды бағдарламаларында көзделген  іс-шаралардың,  сайлаушылардың  өтініш-тілектерінің, депутаттық сауалдарының  басым көпшілігі оң шешімін тапты.

Комиссия мүшелері отырыстарда қоғамдағы өзекті жағдайлар бойынша мәселе көтеріп, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне өздерінің пікірлерін, сайлаушылардың талап-тілектерін үнемі жеткізіп отырады. Сайлаушыларын тұрақты түрде қабылдап, әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысып келеді. Халықтың аз қамтылған жіктеріне материалдық қолдау көрсетіп, қайырымдылық қызметпен белсене айналысады.

Комиссия төрағасы ретінде айтарым, аудандық бюджеті жобалау барлық негізгі басымдылықтарды ескере отырып, жан-жақты сараланып жасалады. Сондықтан тұрақты комиссия тарапынан  үнемі мақұлданып отырады.

Депутаттар жергілікті атқарушы билік өкілдерімен ынтымақтастықта бола отырып, сайлауалды бағдарламаларында көзделген іс-шараларды жоспарлы түрде жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында бірлесе  қызмет атқаруда.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документы
Баяндама
17 сентября 2025
Күршім аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі
Баяндама
17 сентября 2025
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі
Есеп
30 марта 2022
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі
Новости
Полезные материалы
Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы