GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
08 октября 2026
Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2026 жылғы 12 қазанда сағ. 10.00-де сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы онлайн тәртібінде ZOOM бағдарламасы арқылы өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

 

1.Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/221-VIII «Курчатов қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Әртүрлі.

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрағасы Г. Хусайнова

29 сентября 2026
КУРЧАТОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚЫРЫҚ ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ

2026 жылғы 29 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысты.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

1. Курчатов қаласындағы жылумен қамтамасыз етуші ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы.

2. Курчатов қаласын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы туралы.

Бірінші сұрақ бойынша Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшының м.а. Е.С. Бейсембаев сөз сөйледі.

Оның ақпараты бойынша, барлық нысандар, соның ішінде қаланың әлеуметтік нысандары, жылу желілері мен қазандықтар жылу беру маусымына толық дайын.

Екінші сұрақ бойынша Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Е. Кожахметова баяндама жасады.  

Осылайша, қаланы дамыту жоспарында көзделген индикаторлардың ішінен 22 индикатор орындалды, 34 индикатор орындалу сатысында тұр. Жыл қорытындысы бойынша 2 индикатордың орындалмау қаупі бар.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар 34 индикатор бойынша орындау жұмыстарын жандандыруды, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін әрбір нысан бойынша дағдарысқа қарсы жоспар-кестелер әзірлеуді және кейінгі кезеңдерге арналған жоспарлау сапасын арттыруды ұсынды.

Сессия барысында басқа да мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамдары бекітілді

Курчатов қалалық мәслихаты

22 сентября 2026
Тұрақты комиссия отырысы

2026 жылғы 22 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырысқа Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы Г.М. Хусайнова, қала әкімінің орынбасары Б.С. Жолдахмет, Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е.Н. Дүйсембеков қатысты.

Комиссия отырысында Е. Дүйсембековтың «Салық кодексінің жаңа редакциясы қолданысқа енгізілгеннен кейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жолдары» туралы ақпараты тыңдалды.

Отырыс нәтижесі бойынша, бизнесті жүргізу үшін тұрақты әрі болжамды жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, комиссия жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік субъектілеріне кешенді қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге ұсыныстар берілді. Соның ішінде, 2027 жылға арналған оңайтылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету мәселесін қарастыру ұсынылды.

Курчатов қалалық мәслихаты

18 сентября 2026
Тұрақты комиссия отырысы

2026 жылғы 18 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы Г.М. Хусайнованың,  Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Р.Б. Асылкановтың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийдің, Курчатов қаласының Мансап орталығының директоры А.М. Султанованың қатысуымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.

Отырыста А.М. Султанованың «Қала халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының іске асырылуы туралы» ақпараты тыңдалды.
Ақпаратты тыңдап және талқылай келе, тұрақты комиссия А.М. Султановаға халықты жұмысқа орналастыру және жұмыссыздар санын азайту үшін орталықтың мүмкіндіктері мен ресурстарын барынша пайдалануды ұсынды.

Курчатов қалалық мәслихаты

14 сентября 2026
Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2026 жылғы 29 қыркүйекте сағ. 10.00-де сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы болады. Өткізілетін орны: Курчатов қаласы әкімдігінің отырыс залы, Тәуелсіздік көшесі 4.

 

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. Курчатов қаласындағы жылумен қамтамасыз етуші ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы.
  2. Курчатов қаласын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы туралы.
  3. Мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Витюк В.А.).
  4. Мәслихаттың әлеуметтік даму, экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі (Гулькова Е.Л.).
  5. Әртүрлі.

 

Курчатов қалалық

мәслихатының төрағасы

Г. Хусайнова

             

Мәслихат шешімдері
09 сентября 2026
КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ АЛТЫНШЫ СЕССИЯ

2026 жылғы 8 қыркүйекте сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы онлайн режимде өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Жолдахмет және   экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Е. Қожахметова қатысты.
Сессияда ағымдағы жылға арналған қалалық бюджет нақтыланды.

Қала бюджетін нақтылау облыстық бюджеттен 379,3 мың теңге сомасында ағымдағы трансферттердің қысқаруына байланысты. Бюджет шығыстарын сапалы орындау мақсатында 89 196,8 мың теңге көлемінде қаражатты қайта бөлу көзделген.

Абай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы  шешіміне сәйкес әлеуметтік салық бойынша қала бюджетіне түсетін түсімдерді бөлу нормативінің 1%-дан 47,3%-ға өзгеруіне байланысты меншікті кірістер 256,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

Курчатов қалалық мәслихаты


04 сентября 2026
Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2026 жылғы 8 қыркүйекте сағ. 10.00-де сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы онлайн тәртібінде ZOOM бағдарламасы арқылы өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 35/221-VIII «Курчатов қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Әртүрлі.

Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы                                                           Г. Хусайнова

02 сентября 2026
КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ БЕСІНШІ СЕССИЯ

2026 жылғы 2 қыркүйекте сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы онлайн режимде өтті.

Сессияда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты «Курчатов қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілді.

Сондай-ақ мәслихат шешімдерімен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан кейбір мүшелер шығарылды және антитеррористік комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді.

 

Курчатов қалалық мәслихаты


02 сентября 2026
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезектен тыс қырық бесінші сессиясының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі 

№ 45/283-VIІІ шешімі

 

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз ерiктерімен өтiнiш берулеріне байланысты міндеттерінен босатылсын:

№ 152 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Клара Ералиевна Бекназарова;

№ 157 «Қазақстанның халық партиясы» ҚБ – дан Адлет Ануарханович Шамиев;

 № 157 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ – дан Анастасия Владимировна Байжуманова;

№ 158 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Айнур Амантаевна Ахметова;

№ 160 «AMANAT»партиясы» ҚБ – дан Женис Асенович Мухалиев;

№ 161 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ – дан Индира Эдельевна Каримова.

  1. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер № 152, № 157, № 158, № 160, № 161 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелердің орнына кандидаттар бойынша ұсыныстарды 2026 жылдың 18 қыркүйекке дейін енгізсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихаты төрағасының

өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы                                                  А. Кенес            

 

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:  

Сайлау комиссиясының атауы

және нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Курчатов қаласының № 152 учаскелік сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі,10 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

Курчатов қаласының № 157 учаскелік сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимараты

Курчатов қаласының № 158 учаскелік сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 30, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» МКҚК ғимараты

Курчатов қаласының № 160 учаскелік сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимараты

Курчатов қаласының № 161 учаскелік сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Абай көшесі, 50 Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимараты

Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 18 қыркүйегіне дейін қабылдайды.

Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.

Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru

 

 

Курчатов қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы А. Кенес            

 

27 августа 2026
Курчатов қалалық мәслихаты депутаттарының, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларының және қала халқының назарына

2026 жылғы 2 қыркүйекте сағ. 10.00-де сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы онлайн тәртібінде ZOOM бағдарламасы арқылы өтеді.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

 

  1. «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.
  2. Әртүрлі.

 

Курчатов қалалық мәслихаты төрағасының

өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

А.Кенес            

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы