Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 28/214-VI «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының

кезекті жиырма тоғызыншы сессиясының

2025 жылғы 1 шілдедегі № 29/187-VIІІ шешімі

 Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы

№ 28/214-VI «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы                         7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 28/214-VI «Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Курчатов қаласының округтік сайлау комиссияларының құрамына:

№ 1 «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ - дан Нуртазинова Гульназ Бакберовна;

№ 4 «AMANAT» партиясы» ҚБ-дан Хасенова Айнаш Жумабаевна;

№ 5  «Қазақстан халық партиясы» ҚБ –дан Уразбекова Айгерим Куанышевна;

№ 7  «Ауыл» партиясы» РҚБ – дан Темерканова Айгерим Ерлановна;

№ 8 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ –дан Визир Лариса Михайловна;

№ 9 «Қазақстан халық партиясы» ҚБ –дан Құрманғазықызы Ақмарал;

№ 9 «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ - дан Садыкова Балауса Кишинхановна;

№ 9 «AMANAT» партиясы» ҚБ-дан Жунусова Айжан Кадиевна енгізілсін.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрайымы                                                                                         Г. Хусайнова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июля 2025